«Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері»

 

Тақырыбы: «Кір қожалақпен Тазабектің бастан кешкендері»

Мақсаты: Балаларға тазалық туралы түсінік бере отырып, жеке гигеналарын сақтауға дағдыландыру.Денсаулық-басты байлық екенін ұғындыру.Денсаулықтарын күтуге,тазалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Барысы:Ертеде бір Кірқожалақ атты бала болыпты.Ол-үсті-басы кір-кір, сатпақ-сатпақ,ол жердегі әр нәрсені ұстап аузына салып жейді.кенет оның іші ауырып қалады.Ол қатты қиналып жылайды.Оның айналасында микробтар мен вирустар қаптап кетеді.Осы кезде оған Тазабек келеді.Тазабек Кірқожалақтан не болғанын сұрайды.

Тазабек: Ой не деген сатпақ-сатпақ,лас едің?Саған не болған?Ой мына жерді микробтар,вирустар қаптап кетіптіғой?!Дем алар еміспін.

Кірқожалақ:Менің ішім қатты ауырып жатыр.Маған көмектесші!

Тазабек: Ендеше мен саған қандай көмек көрсете аламын.Өзің тазалықты сақтамайсың.Ендеше мен саған дәрігер шақырайын

Дәрігер:Не болып жатыр бұл жерде? Микробтар қаптап кетіптіғой. Кірқожалақ не болды саған?

Кірқожалақ:Мына жердегі құрт жеген алмаларды, жерге түскен кәмпиттерді жедім.Ал енді менің қатты ішім ауырып тұр.Маған көмектесіңізші.

Дәрігер: Мен саған дәріні берейін. (Витамин) Қожалақ сен лас боп жүрсең аурушаң боласың. Қарашы жан жағыңда микроптар қаптап жүр. Балалар  Жаз айында көптеген аурулар  шығады. Солардың ішінде атап айтсақ құрт аурулары көп шығады. (жедел ішек инфекциясы)  Бұл аурулар тазалық сақтамағаннан пайда болады. Яғни қолды жумай тамақ ішкенде, немесе жуылмаған тамақтарды көкөністер мен жемістерді жегеннен, жерге түсіп кеткен тамақтарды ауызға салғаннан және т,б жағдайларда  микроптар ішке барады да солардын әр түрлі аурулар туындайды. Сондықтан біздер әр дайым  Тазабек сияқты таза жүруіміз керек. Тамақтанар алдында қолымызды жуып, алма, алмұр жегенде де алдымен таза жуылған екеніне көз жеткізіп тазалап алып жеуміз керек. күнделікті тістеріңді ысып таза киініп жүрсендер сендер ешқандай ауру қоздырғыш  микроптар да, вирустар да жоламайды. Сонымен қатар балалар дені сау әдемі бала болып өсу үшуін дене шынықтырумен де айналысу керек.

Тазабек: Балалар Дәрігер апай дұрыс айтады. Дәрігердің айтқанын тыңдап жасауымыз керек. Кір қожалақты сен әдемі тап таза, дені сау бала дболғын келеді ме? Мен сияқты?

Кір қожалақ: Әрине.(Қуана келіседі) Сен сияқты тап таза бала қалай болам?

Тазабек: Балалар Кір қожалаққа көмектесеміз бе?

Ол үшін тазалықтың ең жақын досытары  кім екенін білгілерің келсе мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер мұқият тындап шешіп көріңдер.

Жұмбақ:  «Бұл не?»
1)  Ертемен күнде сен, қолыңды сүйкейсің.
Кетіп кір — ласың, тап — таза боласың. Бұл не?    (Сабын)
2) Шомылған баланы аймалап алады
Сүртеді қолыңды, сүртеді жонынды. Бұл не? (Сүлгі, орамал)
3) Қолы жоқ, сөзі жоқ, бірақ та тісі бар,
басыңмен ісі бар. Бұл не? (Тарақ)
4) Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіңе. Бұл не? (Айна)
(Осы кезде сабын келеді. Қолында сүлгісі және айнасы бар)

Сабын: Балалар мен сендерге  әрдайым көмектесіп жүремін.  Сендер менімен жуынсаңдар тап-таз боласыңдар. Кәне кімге көмектесейін?

Тазабек: Сабын сен біздің Кір қожалаққа көмектес оны жуындыр.

Кір қожалақ тап таза болғанша біздер сендермен ойын онап, ән айтып жіберейік.

А. Меңжановтың «Тазалықтың досы» атты өлеңі

Қимыл – қозғалыс арқылы айтады.                                                                   Сылдырлайды сылдыр су
Мөлдір суға қолыңды жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Ақ матадай түгі бар
Қызыл – жасыл гүлі бар
Жұмсақтығы мамықтай
Сүртінесің жалықпай
Тазалықтың досы
Сүлгі деген осы
Сабындаған кезіңде
Ашытады көзіңді
Бола білсең төзімді
Тап – таза етер өзіңді
Тазалықтың досы
Сабын деген осы

(Кір қожалақты Сабын жуындырады, суртініп айнаға қарап шашын тарап әдемі тап-таз бала болып шығады)

Дәрігер: Міне балалар Кір қожалақ тап таза бала болып шықты қараңдаршы! Сендер де осылай таза жүресіңдер ме?  (балалар жауап береді)

Тазабек: Міне досым енді сенімен дос боламын екеуміз басқа да балаларға көмектесейік жарайды ма?!

Дәрігер: Балалар деніміз сау әдемі өсуіміз үшін енді дене шынықтыру ойындарын ойнап жіберейік.

  • ойын: «Кім жүйрік»

2)ойын: «Кім жылдам»

3)ойын: «Самокатпен жарысу»

Қожалақ: Дәрігер апай, Тазабек, Балалар мен бәрін түсіндім. Сендер олай жасамаңдар! Мен де енді олай жасамаймын. Уәде беремін!