Ы дыбысы және әрпі.
Хаметова Гүлнар №13 бастауыш мектеп
Сабақтың тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: жаңа ы дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; ы дыбысы бар сөздер айтып, талдау; сөйлем, сөз туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың сөздік қорларын толықтыру. Жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, текшелер, сюжетті суреттер, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар жақсы тілектер айтады.
- Өткен дыбыстарды қайталау.
«Кім білгіш?» ойыны арқылы өтілген дыбыстарды қайталау.
Ойын шарты: мұғалім дауысты дыбысты атаса, балалар екі қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды, ал дауыссыз дыбысты атаса, еңкейіп тізелерін шапалақтайды.
- Мұғалім балаларға сюжетті суретке қарап әңгіме құратады.
Бұл – ас бөлмесі. Айжан үстелдің үстін жинады. Ол шын, қасық, тәрелкелер жуды.
- Балалар, енді шыны, қасық, тәрелке, шәйнектерді бір сөзбен қалай айтуға болады.
- Сөздің басында қандай дыбыс естіледі?
Ы дыбысының бас және кіші әріптері көрсетіледі.
— Айтылуына қарай қандай дыбыс деп ойлайсыңдар? Жуан айтыла ма, жіңішке айтылама?
— Демек, ы дыбысы – жуан дауысты дыбыс.
Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасатады.
Ы дыбысы қызыл текшемен, д дыбысын көк, ы дыбысын қызыл, с дауыссыз дыбысы көк текшемен белгіленеді. Қызыл, көк текшелер бойынша ыдыс сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екені анықталады.
Кеспе әріптермен ыдыс сөзін буынға бөліп жазу, оны оқу.
- Тіл ұстарту жаттығуы.
Ыс-ыс-ыс
Келіп қалды қыс.
- Дәптермен жұмыс.
Ыдыс, мысық, қозы сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы ы дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ы дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады. Дәптердегі буындарды, сөздерді, сөйлемдерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.
Үлгі бойынша ы дыбысының кіші және бас әрпін бастырып жазады. Торкөздегі ы дыбысының орнына қарай сөз ойлап табады. Торкөзді санап, суретті қайталап салады. Сөзжұмбақ шешкізеді.
- Сергіту сәтін өткізу.
Тәрбеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп – кішкентай бөбектер
Үп – үлкен боп өседі.
Үлестірмелі суреттермен жұмыс жүргізу.
Балаларға балық, қайық, мысық, қайшы суреттері таратылады. Балалар әр суреттегі заттың атын атап, сөйлем құрастыруы керек. Тақтаға сөйлем сызба бойынша жазғызылады. Мысалы: 1. Балық суда жузіп жүр. 2. Мысық мияулады. 3. Айнұр домбыра тартты. 4. Әжемде қайшы бар.
- Әр сөйлемде неше сөз бар?
- Қол жаттықтыру жұмысы.
Ауада жазу.
Дәптерге жазу.
- Қорытындылау.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Балаларды екі топқа бөлу. Ы дыбысына қай топ көп сөз ойласа, сол топ жеңіске жетеді.