Чч дыбысы мен әріпін таныстыру.
САУАТ АШУ
Сабақтың тақырыбы: Чч дыбысы мен әріпін таныстыру.
Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. «Ч» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың «Ч» дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер көрнекілік ретінде пайдаланылады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Көрнекі-құралдар: кеспе әріптер, суреттер,
— Балалар, бүгін ерекше сабақ болмақшы. Неге десеңдер бүгін бізге қонақтар қатыспақшы. Ендеше бір-бірімізбен алдымен амандассақ қайтеді.бір шапалақ ұрғанда- қолдарыңмен, екі рет ұрғанда- төс қағысып, үш рет ұрғанда- мұрындарынмен амандасасыңдар.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер-Ана!
Амансың ба достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Балалар бүгін біз саяхатқа бармақшымыз. Қандай көлік түрін көріп тұрсыңдар?
— Дұрыс ,ал автобуста қандай сан жазылған? Ол нені білдіреді? Ендеше біз санамақ арқылы санап көрейікші быз автобусқа сияды ма екенбіз? (САНАМАҚ ҚАЖЕТ)
— Қандай түсті?
-Автобусқа отыру үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар? Әрине билет. Ал билетті алу үшін, біз әр билетте сендерге арналған тапсырмалар бар екен. Мысалы: А-әрпі. А- қандай дыбыс?
Чемоданды қолға алайық,
Автобусқа барайық.
Атобусқа шығып ап
Тыныш қана отырайық
- АЯЛДАМА
Тапсырмалары: түсіп қалған әріптерді тап,дыбыстық талдау жаса.
- А…аш
- мы..ық
- та…ық
- сиы…
2-АЯЛДАМА
Буыннан сөз құра.
Тапсармалар:
ла |
да |
қа та
да
ла
Тәрбиеші: — Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер. Сергіту сәті:
Күн маған қарайды
Мен күнге қараймын
Ай маған қарайды-
Мен айға қараймын.
Мен саған қараймын-
Сен маған қарарйсын.
Балалар, енді мен сендерге бір жұмбақтар жасырамын, сендер шешуін табыңдар.
Орындық тұр
-Қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (ч)
Дұрыс айтасындар Ч әрпіне ұқсайды. Бүгінгі біздің өтетін жаңа әрпіміз осы Ч әрпі.
Тәрбиеші балаларға Ч әрпінің жазба және баспа әріп таңбасын көрсетіп, таныстырады.
Тәрбиеші балаларға чемоданның суретін көрсетеді.
— «Чемодан» деген сөз қай дыбыстан басталады? «Ч» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
— Дауыссыз.
Неліктен дауыссыз дыбыс, қане, бәріміз айтайық. Ал енді «Ч» дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?
— Қане, кім «Чемодан» сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. (Бір бала тақтаға «Чемодан» сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып, дауыстап оқиды). «Чемодан» сөзінде неше буын бар?
Шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу.
«Ч» дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдірту. Буындар құратып, оны оқыту (ча, чу, че, чи). Сөйлем құрату, схемасын жаздыру.
— Балалар, «Ч» дыбысын ауада жазып көрсетейікші. Алдымен мен жазайын, сендер ауада жазып қайталаңдар.
Қорытындылау
— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды? Қандай әріппен таныстық. Қане, «Ч» дыбысына тез сөз ойлап жіберіндерші. Сабақ ұнады ма? Несімен? Қатысып отырған балаларды мадақтау, бағалау. Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап, пысықтаған соң, қорытындылауға болады.