Көліктер.

 

Сабақтың тақырыбы:  Көліктер.
Сабақтың мақсаты:
•    Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
•    Жолда жүру ережелері туралы білімдерін толықтыру.
•    Жолда жүрген кезде міндетті түрде ережені сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік:  Машиналардың суреттері. Жол жүру ережелерінің суреттері. Ауыл мен қала көшелерінің  макеті мен суреттері.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, қайталату.

Сөздік жұмыс: баған, аспалы,сым жол.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балаларды шеңберге жинап «Бақыт гүлі» арқылы ыстық лебіздерін айтқызу.
-Ал балалар осы сендер мектепке таңертең немен келесіңдер?
-Жеңіл көлікпен.
— Иа барлықтарың көлікпен келеді екенсіңдер, ал сол машинаны неге сендер айдап келмейсіңдер?
— Біз әлі кішкентаймыз, жүргізу куәлігі жоқ, ұстап алса айып-пұл салады деген.
-Дұрыс айтасыңдар біз ауылда тұрсақта жол жүру ережесін қатаң сақтауымыз керек.

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)
— «Кім жылдам» ойынын ойнайық ол үшін топ 3-ке бөліну керек, сосон жол жүру белгісін дұрыс құрастырып және мәнін түсіндіреміз.
-Дұрыс ал енді балапандар біз сендермен саяхатқа барамыз. Ол үшін алдымен саяхатқа шығатын көлікті таңдап алуымыз керек.
-Сендерге қандай көлік түрлері ұнайды?
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер? /суреттермен жұмыс/т б
Осы сұрақтарға жауап алынған соң орындарымызға жайғасып отырамыз да….
Тыныштық сәті:  Баяу әуен үнімен балалар көздерін жұмып, көз алдарына саяхатқа қалай шығатындарын елестетеді. Жеңіл көлікпен аялдамаға жетеміз. Аялдамадан бәріміз үлкен туристік автобусқа мінеміз. Теміржол вокзалына жеткен соң, пойызға мініп портқа қарай жол тартамыз. Содан үлкен кемеге мініп, әуежайға көл арқылы жүзіп барамыз.Әуежайдан Қазақстан Ан-24 ұшағына мініп көк аспанды  бір айналып,мектеп ауласына ұшып келеміз. Көзімізді  ашып, қандай сезімде болғанымызды айтып бөлісеміз.
Дәптермен жұмыс:
М.Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен танысамыз.
Бағанға әләнген
Аспалы сым жолы бар,
Көшелерде жүгірген
Троллейбус жолығар.
Сым жолымен зулайды,
Басқа жаққа бұрмайды.
-Троллейбусқа кім мініп көрді? /суретімен таныстыра кету керек/
-Троллейбустың автобустан қандай айырмашылығы бар екен?
— Сым жолмен қалай жүреді?
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қанатымызды жаямыз,
Ұшақ болып қшамыз.
Суда жүйткіп жүземіз.
Кемелерді түземіз,
Жол тәртібін сақтап,
Троллейбусқа мінеміз./қимылдарын көрсетіп жасаймыз/
Дидактикалық ойын: «Жолдан өте аласың ба?»
Шарты: екі топқа бөлініп ауыл мен қала көшелерінен өтеміз. 1 топ ауыл көшелерінен өтсе, 2 топ қала көшелерінен яғни бағдаршамға, жол белгілеріне қарап өтулері керек./одан кейін орындарын алмастырады/
-Ал сендер жаңа көшелерден өтіп жүргенде бізге белгісіз біреу ашық хат тастап кетіпті. -Ашып көреміз бе?
Ой балалар мұнда жұмбақтар бар екен кәне мұқиат тындайық.
Жұмбақ шешу:
Төбесінде ебелек,
Ұшады өзі керемет. /Тікұшақ/
Табанында жолы бар,
Төбесңнде қолы бар. /Трамвай/                                                                                                                                         Құстан аумайды,

Көкке заулайды, (ұшақ)
Сымға асылып,
жүр асығып./троллейбус/

Аяғы жоқ ,қолы жоқ,                                                                                                                                                    Не жүретін жолы жоқ.

Мініп алсаң заулайды

Бірақ ізі қалмайды.

Бұл не?

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Сабақты қортындылау:
-Қандай көлік түрлерімен таныстық?
-Көліктің маңызы қандай?
-Көліктің  зияндығын ата
-жол жүру ережесін  не үшін сақтау керек?
-автобустан түскендене әстеу керек?
-жол бетіндегі ала жол кім үшін?
Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын қазір енді осы өздеріңе ұнаған көлік түрлерін жапсырып сабақты аяқтаймыз.