«Еліммен бірге-Елемін»

«Еліммен бірге-Елемін»

Балалар  музыка  ырғағымен залға кіреді.

1-бастаушы: Ызғарлы қыс отыз күн,

Желтоқсан деп аталған

Желтоқсанда жастарым,

Тәңірінен бата алған.

2-бастаушы:Батамен елім көгерген,

Бодандық билік  көнерді.

Тәуелсіз атқан таң үшін.

Еске алам өрттей өренді.

1-бастаушы:  Құрбандық еттің жаныңды,

Көк мұзға көміп қаныңды.

Тәуелсіздік алған күн,

Жастардың күні жалынды.

2-бастаушы: Атыңнан айналайын,егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіз ел,

        Бәрі:    Ғасырдың тойы болсын  тәуелсіздік.

Әнұран орындалады:

Жүргізуші:Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан.

Келмеске кетті мәңгүрттік,

Мереке бүгін, думан күн

Аруақтар рухын жаңғыртып,

Еліміз қайта туған күн.

-Балалар,бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ.

1986 жылғы  16желтоқсан қазақ халқының мәңгі

есінде қалған күн.Тәуелсіздік жолында құрбан

болған аға-әпкелерімізді 1минут үнсіздікпен еске алайық.

1бала: Тәуелсіз ел атандық,

Биік даңқың.

Бар әлемге әйгілі,

Мәлім атың!

Ата-баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме!

2бала:Күміс күйге,әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой

Шаттандырған баласы мен бабасын,

Тәуелсіздік күні бүгін біліп қой.

3бала: Әр жыл сайын,

Тәуелсіздік таңы атты

Топқа бардың,тайға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр.

Ән айтылып,жыр төгіліп қанатты.

4бала: Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн.

Ерекше боп мәңгілік,

Ел жадында қалған күн.

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Зал іші кілем,төсек,стол,домбыра макетімен безендірілген.Н.Тілендиевтің

«Аққу» атты күйі орындалады.Қолында ұршығы бар әже келіп отырады.Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді.

Ол әжесіне жүгіріп келіп,мойнына асылып,еркелейді.

Бала:  —Әже не істеп отырсыз?

Әже: — Ой құлыным,мен ұршық иіріп отырмын.Кел отыр,ойыннан

шаршаған боларсың.

Бала: -Әже, біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып

жатырмыз. Әже «тәуелсіздік»деген не?

Әже: Құлыным-ау, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар, батыр аға-апаларымыздың  арқасында егеменді ел болдық.Тәуелсіздік алғанымызға

22жыл болды.Аллаға шүкір енді өзіміздің Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар.

Бала: Әже,мен сізге тақпақ айтып берейін бе?

Әже: Айта ғой құлыным!

Бала:Күміс күй мен әнге толы тұла бой,

Қуанышқа кенелтеді асыл ой.

Шаттандырған бабасы мен баласын,

Тәуелсіздік күні бүгін- Ұлы той.

Әже:  -Ой ақылдым,өркенің өссін!

Бала: Әже, мен шаршадым,ұйықтап алайыыншы.

Әже:   Ұйықтай  ғой құлыным.(музыка әуенімен бала ұйықтайды.Әже орнынан тұрып кетеді.)

(музыка әуенімен  қолына

Ән: «Желтоқсан желі»

Жүргізуші: Ойын ойнап,ән салмай ,өсер бала болар ма?

демекші,ендігі кезекті ойынға берейік.

Ойын: «Шаңырақ»

Жүргізуші: «Есейгенде ер болып,елді жаудан қорғайды» демекші

бүгінгі бала ертеңгі болашақ ел қорғайтын сарбаздар болатыны

анық.Олай болса «Сарбаздар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Сарбаздар»

Жүргізуші: Бірің шекер,бірің бал,

Жайнап өскен құлындар.

Отан деген ұғымды ал-

Талдап берер кімің бар?

1бала:Шертер бізге сан аңыз

Отан-байтақ даламыз

Отан сөзін аялап,

Қастер тұтқан бабамыз

Отан-бабам,ерлігім,

Отан-ауам,әр демім

Отаныммен бір түлеп

Асқар шыңға өрледім.

2бала: Туған жерің ата-анаң

Отаным деп атаған

Отан досың,туысың,

Отан алтын босағаң

Отан туған  өз елің

Айдын-көлің,өзенің

Мирас еткен бабалар

Қорға әрбір кезеңін.

3бала: Отан туған жеріміз,

Сүйіп өскен еліміз

Қасиетті Отанның

Ұланымыз бәріміз.

4бала: Туып өскен жер екен,

Орман,тоғай, көл екен,

Асқар таулы,бел екен,

Ел қорғаған ер екен

Жасыл жайлау,жер екен,

Көктегі әсем нұр екен,

Мен,сен және ол екен

Қазақстан елі екен!

Ән: «Бақытты балалық»

Би: «Тостаған»

Жүргізуші:Тәуелсіздік арайлап атқан таңға

Тірек болар әнұран мен елтаңба

Рәміздер-Тәуелсіздік мәртебесі

Орныққан азаттықтың ұлы іргесі.

1бала: Тәуелсіздік еліміздің күн,айы,

Жанға қуат беретіндей ұдайы

Еріміздің аталғанда есімі,

Еліміздің кіретіндей шырайы.

2бала: Елін сүйген еңселім де, еркінім,

Аппақ таңнан дауысыңды естіп, елтідім.

Тәуелсіздік-Назарбаев Нұрсұлтан,

Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!

3бала: Айналайын азат күн!

Аспанында қазақтың,

Алаулайсың ғажапсың!

4балаУа,алтын күн!

Нұр бейнеңді маған бер!

Өрле күнім жарқырап,

Бар әлемді жарқырат.!

3бала: Нұрым саған адамзат!

4бала: Ақ күнді көтерген ел құсы-

Халқымның батырлық белгісі!

5бала: Уа,көгілдір аспан-нұр бейнеңнен үзік бер,

Ту қылып көтерейін биікке!

Кең дүнием сенікі халқым!

Жеке ән:    «Қазақстан»

Ән: «Бақытты бала»

Жүргізуші: «Тәуелсіздік» деген сөзді ардақтаңдар ей қазақ,

«Тәуелсіздік» бұл бостандық,бұл ғажап

«Тәуелсіздік»таңы атты ей қазақ,

«Тәуелсіздік» мерейтойын тойлап жүрсін шартарап.

Музыка ырғағымен  балалар залдан шығып кетеді.