Қ. Сапарбаев. «Туған жердің ыстығы-ай»
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қ. Сапарбаев. «Туған жердің ыстығы-ай»
Сабақтың мақсаты: 1. Әңгімені түсініп оқу, негізгі ойын ашу. Туған жердің қадірін білуге үйрету.
- Сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
- Оқушыларды өз елін, жерін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
*Поэзиялық минут
- Үй тапсырмасын тексеру.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
— Қайрат Жұмағалиев кім?
— Өлеңнің негізгі идеясы неде?
— Ақын өлеңде туған өлкенің қандай байлықтарын мақтаныш етеді?
— Туған жер туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
— Біз туған жер туралы тағы қандай шығармалармен таныстық?
III. Жаңа сабақ
- Кіріспе әңгіме. Сұрақ-жауап арқылы туған жер жайлы әңгіме жүргізу. Автормен таныстыру.
- Оқулықпен жұмыс.
а) Мұғалімнің оқуы.
ә) Іштей оқу.
б) Тізбектей оқу.
Сөздік жұмысы. Әңгімеде келтірілген түсініксіз сөздермен жұмыс.
Буыны қатпаған – әлі кішкентай деген мағынада.
Жойқын – асау, қиырсыз – шексіз.
Мәтін оқылып болған соң, ондағы жер-су аттары мен адамның аттарын табу: Амудария, Түрікменстан, Мары. Ермекбай, Қылыш.
Сұрақ-жауап әдісі
— Түйе ботасын ертіп қайда кетпекші болды? Түйе иесінің сөзінен қандай қорытынды шығарар едіңдер? Автордың айтайын деген ойын табу. Малдың өзі туған жерін аңсайды екен.
Сергіту сәті
- Дәптермен жұмыс
Мақал-мәтелдің жалғасын тауып жазу. Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас. Кісі елінде ұлтан болғанша, өз еліңде сұлтан бол.
Шығармашылық тапсырмалар: Түйенің суретін салу, түйе туралы қысқаша әңгіме жазу.
- Бекіту
Үйге тапсырма. Үйде әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұндау. Түйе туралы жұмбақ, өлең құрастыру. Туған жер туралы мақал-мәтел жаттау.
Бағалау.