М. Ғабдуллин. Тау қыраны.

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы:  М. Ғабдуллин. Тау қыраны.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ батыры Мәлік Ғабдуллин мен оның майдандас досы Төлеген Тоқтаровтың ерліктері туралы әңгімелеу, мәтін бөліктеріне ат қойып, әсерлі әңгімелей білуге үйрету.
2. Мәтіннің әр бөлімінің негізгі ойын анықтап, мақал-мәтел жинақтап, көркем сөйлеу іскерлігін арттыру, танымын, елестету, сезіну қабілетін дамыту;
3. Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеп, патриоттық сезімге баулу.

Көрнекілігі:  Мәлік Ғабуллинның, Төлеген Тоқтаровтың суреттері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: ғылыми дерек.
Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту.

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Бала Мәншүк» оқу, мазмұндау. М. Мәметова туралы жазған рефераттарын тапсыру.

Сұрақ-жауап әдісі.

Ойлы сөз: Отан үшін отқа түс күймейсің.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Отанымызға қауіп төнген кезде елін, жерін қорғауға аттанған боздақтар қатарында Мәлік Ғабдуллин де бар еді. Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Ақмола облысыЗеренді ауданы, Қойсалған ауылында дүниеге келген. Кедей шаруа отбасында туған. Қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры (1943).

  1. Ол осы отты жылдар туралы «Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз», «Сұрапыл жылдар» т.б. кітаптар жазды.

«Тау қыраны» мәтінімен таныстыру. Төлеген Тоқтаров (1920-1942) — Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. Төлеген Тоқтаров 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды. Бородино үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапқан. Атақты «Жас қазақ» әні Төлеген Тоқтаровқа арналған.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді әңгімелеп беру. Флипчарт арқылы соғыс көрінісін, қарулардың дауысын тыңдату.
Бөлімдер бойынша оқушылар оқиды.
Мәтінді бөлімдерге бөліп, ат қойып, әр бөлімдегі негізгі ойды анықтау.

I бөлім: Тойтарыс.

II бөлім: Анаға хат.

III бөлім: Ерлік өлім.
Сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.

Ой толғаныс. Мәтін бойынша кейіпкерлердің көңіл-күйін анықтау. Төлегеннің бейнесін беретін тұсты тауып оқу.

Төлегеннің анасына жазған хатын оқу.
Шығармашылық тапсырма.

Мәтінге қатысты мақал-мәтел жазу.

ІV. Сабақты бекіту. 

Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін,
Қастерлеп батыр елі үшін,
Бауыржан, Мәлік,Төлеген,
Жаулардың көзін жойды олар.

Қазақстандық жауынгерлердің Мәскеуді қорғаудағы қайсарлығы жөнінде тұтқынға түскен неміс солдаты: «Біз шабуылға шықтық. Бізге қара торы жауынгерлер қарсы тұрды. Олар сондай қайсарлықпен және батырлықпен күресті, біз еріксіз кейін шегіндік, соңында біз масқара болып жеңілдік. Кейіннен бізге сендерге қарсы шайқасқандар – қазақтар деп түсіндірді. Ал біз өмірде мұндай батыр халық бар екенін білген жоқ едік»,-деп ерекше таңданыс білдірген екен.

Бауыржан Момышұлының рухты көтеретін, жігерді жанитын ұлағатты сөздері жауынгерлердің намысын қамшылады.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

Үйге тапсырма: Мәтінге сай мақал-мәтел, өлең ұйқастарын дайындау.
Мәтінді әңгімелеу.

Бағалау.