«Мен соғысты жек көрем!». Қ. Жұмағалиев.

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Мен соғысты жек көрем!». Қ. Жұмағалиев.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып бейбітшілік пен зұлымдықтың арасындағы байланысты түсіндіру. Оқушыларға жер шары балаларының тілегі бейбітшілік екенін ұғындыру.

  1. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында өз сөзімен әңгімелеу, мәнерлеп оқу, ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қиялын жүйелеу, танымдық қабілетін арттыру,
  2. Өз халқын, Отанын, туған жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу. Ел, ұлт намысын қорғаған батырларды сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: инт. тақта, сурет, мақал-мәтел, сөздік жұмыс.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық даярлық жасау.
II. Үй тапсырмасын тексеру.

«Алтын сөз» өлеңін мәнерлеп оқу. Бата түрлерін айту. Жатқа бата айту.

ІІІ. Ой шақыру:

-Қазір қай мезгіл? Көктем айларын айтыңдаршы? Мамыр айында қандай мерекелер бар?

-1мамыр – Халықтар достығының бірлігі күні. 7 мамыр – Қазақстан әскери-қару күштерінің күні. 9 мамыр – Жеңіс күні.

-9 мамыр не себептен Жеңіс күні атанды? Сендер соғыс туралы не білесіңдер?

-Соғыстың әкелген зардаптары туралы не білесіңдер? Соғысты адам баласы жақсы көруі мүмкін бе?

Деректер сыр шертеді.

Ұлы Отан соғысы туралы деректер, суретпен жұмыс жүргізу.
Сызба бойынша жұмыс.

  1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс.

Біз бүгін Қайрат Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем!» өлеңімен танысамыз.

  1. Автор туралы деректер. Қайрат Жұмағалиев 1937 жылы туған. Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданының Бесқұдық ауылында туған. ҚазҰУ — ды бітірген. Ақын, аудармашы, балалар жазушысы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, бірнеше кітаптардың авторы.
    2. Оқулық бойынша жұмыс. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

3-4 оқушыға оқыту. Оқи отырып түсініксіз сөздердің астын сызғызып, сөздік жұмысын жүргізу.

«Талай өткен ғасырлар
Еш соғыссыз өтпеген», — деген өлең жолдарындағы ойды өрбітіп көтеру.
Оқушыларға өлең мазмұнын айтқызу.

  1. Түртіп алу стратегиясы: Дәптермен жұмыс.

Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.

Ғұмыр бойы – өмір бойы.
Ой шақыру.

а) Жер шары балаларының тілегі не? Ол өлеңде қалай берілген?

ә) Табиғат байлықтарын игеру, адамның игілігіне жарату жөнінде өлеңде не айтылған?

Қазақ батырлары туралы айту. Әр топ батырлар туралы мақал-мәтел айтады.

а) Батыр туса – ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы.
ә) Жүк ауырын нар көтереді,
Ел ауырын ер көтереді.
б) Отан үшін отқа түс – күймейсің.
в) Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.
ғ) Ердің көркі – елімен,
Отан көркі – жерімен.
г) Еліңді сүйсең – ерлік істейсің.
д) Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.
VI. Ой қозғау. Сыныпты топқа бөлу.
I топ: Өлеңнің мазмұнына байланысты сурет салу.
II топ: Өлең мазмұнына байланысты мақал-мәтел ойластыру. Мағынаны ашу.
III топ: Өлең мазмұнына байланысты шағын әңгіме құрастыру.
Орындалған тапсырма талқыланады.

«Не үйрендім» бағанын толтырылады.

 

Не білемін?Не білгім келеді?Не үйрендім?

Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Бейбітшілік, достық тақырыбына әңгіме немесе өлең кұрастырып келу.

Бағалау.