«Алтын күз» мерекесі. Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік
«Алтын күз» мерекесі. Ортаңғы топтарға арналған ертеңгілік
Зал іші күз мерекесіне сәйкес безендіріледі.
Жүргізуші: Салқын сыз, дымқыл тұман соңына ерген
Жылауық бұлттары бар қанат керген
Күз келді мезгілінде арқаланып
Күн бар ма байлығын ол тегін берген?!
Біз оны күтіп жүр ек әуел баста-ақ
Кеттік те қызу істі дереу бастап
Астық, жеміс, мақтасын- бар байлығын
Алып қалдық еңбекке айырбастап.
— Армысыңдар, құрметті қауым, бүгінгі біздің балабақшада өткелі отырған «Алтын күз» мейрамына хош келдіңіздер.
Қайың, терек басынан
Сарғыш тартып жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Жапырақтар қобырап
Аулаларға тарайды.
Жүргізуші: — Балалар! Сендерге күз ұнай ма?(Балалар жауап береді.) Бірақ, балалар, күз әртүрлі болады. Бүгінгідей — тыныш, алтын күз болады. Суық, жаңбырлы болады. Мен мұндай күзді білемін, мұндай күзде жылы үйде паналап отырғың келеді. Сендер мұндай ауа райында не істегілерің келеді?(Балалар жауап береді.) Ал менің кішкентай кезімде, ертегі тыңдап, көңілді де ашық күнді күз суретін салған ұнайтын. Кішкентай бөбектеріміздің «Күз бояулары» тақырыбын-дағы тақпақтарын тыңдайық.
Балалар тақпақ айтады.
Жүргізуші (Іннің бейнесіне келтірілген ширмаға келіп):
— Мына інде кім тұрады екен?
Міне баспалдағы
Баспалдақта мұңлы кірпі
Қолшатыры қолында
Сыбырлады жәй ғана
Кірпі: — Мен ертегіден кеткенмін
Мен әннен де жоғалғанмын
Мен орманнан қуылғанмын
Мені мүлдем ұмытқан
Үйшігімді таптап кеткен
Езіп- жаншып, шашып кеткен
Кім мұнда бұзық болған
Ал, үйім менің — осы орман!
Жүргізуші: — Кірпі, сені біреудің ренжіткені, өте өкінішті- ақ. Қаласаң біз сенің көңіліңді көтерейік? Біздің балалар саған арнап ән айтып береді.
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек
Жапырағын жұлғызып.
(Күз тақырыбындағы ән айтылады.)
Жүргізуші: — Қалай көңілің көтеріле бастады ма?
Кірпі: Рахмет, сендерге, мен жаңадан достар таптым және қазір менің көңілім көтеріңкі. Барып, өзіме жаңа үй салайын!(Кірпі жүгіріп кетеді)
Жүргізуші: — Міне, қандай жақсы біреуге жақсы ісіңмен, біреуге жылы сөзіңмен көмектескен.
— Ой, кірпі қолшатырын тастап кетіпті! Қазір жауын жоқ болса да, күтпеген мезетте жаңбыр жаууы мүмкін. Ал, қолшатырсыз мұздай жаңбыр астында қалу өте жаман!
(Жаңбыр тақырыбындағы ән айтылады.)
Жүргізуші: -Қазір, біз «Кім жылдам » қызық ойынын ойнайық. Бұл ойында кімнің жылдам көкөніс жинайтынын байқаймыз. Ал, жинаған көкөнісімізді қолшатырымызбен бірге кірпіге апарып берейік.
«Кім жылдам » ойыны ойналады.
Аю пайда болады.
Жүргізуші: — Ой, аюжан! Неге сен көңілсізсің?
Аю: У-у-у(жылайды)
Жүргізуші: — Тұратұршы жыламай! Мен сені түсінбедім. Мүмкін болса, сен бізге не болғанын түсіндірерсің?
Аю: — Бал жегім келіп еді, жаман аралар мені шағып-шағып тастады. У-у-у!
Жүргізуші: — Міне , енді түсінікті. Аралар кінәлі екен ғой! Аралар шақпасын десең, біреудің омартасына тиіспеуің керек шығар? Аюжан, қалай ойлайсың?(Аю жерге қарап, қызарып кетеді) Болар іс болған екен, сені емдеу керек. Бізбен бірге қалып, «Алтын күз «мерекесін тамашаласаң аралардың шаққанынан ізде қалмай сауығып кетесің. Ал, балабақшамыздағы бал салынған бөшкені сыйға берер едік.
Аю: — Жақсы болды, маған мұндай ем өте қажет.
Жүргізуші: — Ендеше, аюжан ормандағы достарыңның биін тамашалайық.
Би: «Аю мен екі қоян«
Жүргізуші: -Балалар, аю тағы қандай жидек жегенді ұнатады?
(Балалар жауабы)
Ән: «По малинам в сад пойдем»
Жүргізуші: — Балалар, бәрің бір минутқа көңіл бөліңіздер.
Алтын тапсаң егерде
Айтар едім ертегі
Құлақ салып тыңдасаң
Шешерсіңдер тезірек
Шал кемпірге айтыпты
Пісірші маған ….
(Балалар жауабы: Бауырсақ)
Кемпір мен шал залға кіреді.
Шал: — Ұн мен майың бар екен
Илесеңші қамыр сен
Бауырсақты пісіріп
Тойдырсаңшы бәрін тез.
Кемпір: — Ұн мен майың аз болар
Оған тұз бен қант керек
Бар ынтам мен көңілді
Салайын мен барынша
Үлпілдеген ақ нанды
Пісіремін бәріңе.
(Ыдысын әкеліп қамыр илеп, бетін сүлгімен жауып қояды.)
Кемпір: — Май салынған қамырды
Илеймін деп шаршадым!
(Орындыққа отырып ұйықтайды. Шал да ұйықтайды.)
Ыдыс ішінен қатты дауыс шығады: — Ой, ой!
(Шал шошимын деп орындықтан құлайды да, орындықтың артына қорқып тығылады.)
Шал: -Бұл қайсың, менімен ойнап тұрған?
Қамыр:(ыдыс ішінен) — Ой! Мен қысылып барам! Маған ыстық!
(Тұрады, сүлгіні ысырып жібереді)
Қашып кетем ыдыстан
Жиегімен жүгіріп,
Болғым келмейді бауырсақ
Бұл жер жаман қапырық
Көтерілген қамырмын
Отырмаймын орнымда
Ыдысың да тар екен
Тар! Тар! Қашамын! (қашып кетеді)
Шал(кемпірді оятып): — Кемпір! Қамыр қашты!
Кемпір:- Ой, қалай ұйықтап қалғанмын!
(Есіктен жүгіріп шығып кетеді. Артынша кемпір мен шал бауырсақпен бірге кіреді.)
Екеуі бірге:
Ұсталдың ба, қап бәлем
Отырасың пеште сен
Піспейінше шықпайсың
Қызарған соң алармын.
Кемпір: — Бауырсақ піскенше біраз уақыт бар.
Жүргізуші: — Ата, әже, сіздер ұйықтап қалмас үшін билеп, сергіп алыңыздар.
(Шал мен кемпір билейді)
Жүргізуші: — «Үйшік» ертегісін ағылшын тілінде тамашалайық.
«Үйшік» ертегісі
Кемпір: — Балаларды бауырсақтан ауыз тигізер уақыт келді. (Папье- машеден жасалған бауырсақ алмамен толтырылған)
Шал:- Бауырсағымыз жәй бауырсақ емес, алмасы бар бауырсақ екен. Жей қойыңдар, балалар! (Барлық балаға алма таратылады)
Жүргізуші: — Ата, әже, сіздерге балалардың атынан көп-көп рахмет! Бауырсақ тентек болғанымен, өзі тәтті екен. Балалар, бауырсақтың піскен кездегі түсі қандай? (Балалар жауабы). Дұрыс айтасыңдар. «Алтын күздей» сары болады екен. Балалар, күзді неге «Алтын күз» деп атайтынын білесіңдер ме? Себебі, мына бауырсағымыз ұннан пісіріледі. Ал, ұнымыз күзде алтындай сап-сары болып піскен бидайдан алынады екен. Бидайдан басқа жеміс-жидектер, көкөністер де күзде пісіп, еліміз астық-дақылдарға байитын болғандықтан «Алтын күз» деп аталады екен.
«Алтын күз» ертеңгілігін тамашалап келіп отырған ата-аналарымызға, балабақша басшыларына сөз беру.
«Алтын күз»
Жүргізуші: Алма, өрікті қамбаларға
Толтырыпты алтын күз
Шәкірт болып парталарға
Отырды кеп — алтын күз.
Бұлт болып та Алатауға
Байланыпты алтын күз
Дастарханда таба нанға
Айналыпты алтын күз.
— Армысыңдар, құрметті қонақтар! Бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Алтын күз» мейрамына қош келдіңіздер.
Жүргізуші: Өрік, алма,
Шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі:
Астық пісіп,
Ортақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы!
Бұл қай кезде болады? (Балалардың жауабы)
Жүргізуші:— Балалар, сендерге күз ұнай ма?(Балалардың жауабы)
Жүргізуші:— Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?(Балалардың жауабы.Осы сәтте жүргізушінің ұялы телефоны шырылдайды)
Жүргізуші:— Алло, иә. Саламатсыз ба, Алтын күз! Бізге қонаққа келемін дейсіз бе? Келіңіз, келіңіз. Біздің балалар қонақ күткенді ұнатады. Ендеше көріскенше, сау болыңыз! (Телефонмен сөйлесіп болған соң)
Жүргізуші:— Балалар, маған жаңа ғана Алтын күз телефон шалды. Бізге қонаққа келеді екен. Сондықтан, балалар, алтын күзді қуанышты көңіл-күймен қарсы алайық.
Тақпақ
Жүргізуші:— Біздің балалар күз ерекшеліктері туралы «Листочки» әнін біледі. Осы әнмен күзді қарсы алайықшы.
Ән «Листочки»(Әннің соңында күз бұлтпен келеді)
Күз: — Саламатсыздар ма, менің кішкентай ғана бүлдіршіндерім, мені аялаған достарым. (Балалар амандасады)
Күз:- Балалар,мен сендерге Қыс деген ағайымнан, көктем, жаз деген апайларымнан үлкен сәлемдемелер әкелдім. Олар мына ашық аспанымыз, жарқыраған күніміз, піскен егін мен жеміс -жидектеріміз. Балалар, кәне кім айтады екен. Мені не себептен Алтын күз деп атайды? (Балалар тақпақпен жауап береді)
1-бала
Талымды келісті,
Тойлады жемісті!
Береке салты күз,
Мереке- алтын күз!
2-бала
Қауын-қарбыз жемістермен
Толтырамыз қол себетті
Алтын күз деп аталады
Күз айы да сол себепті.
Күз: — Жарайсыңдар, балалар. Мен туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Балалар жауабы)
Жүргізуші: — Балалар, біз алтын күзге арнаған өнерімізді көрсетейік.
Тақпақтар
Жүргізуші: — Енді, Алтын күз, балаларымыздың биін тамашалаңыз.
Би «Антошка»
Тақпақ: Алақай-ау. алақай
Шаттанды балақай.
Жез түсті, күз түсті.
Жөн үсті, дән пісті,
Жер берді жемісті,
Игерді ел егісті.
Ойын: «Не қайда өседі?»
Жүргізуші: — Балалардың Алтын күзге арнаған өнерлерін әрі қарай тамашалайық.
Ән: «Күз келгенде»
Жүргізуші:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шарықтап,
Тамшы жерге секірді.
Би: «Көңілді жаңбыр»
Ел егінін орады,
Қырманға дән толады.
Біздің дала — бай дала
Алтын астық айнала (Желдің дыбысы естіледі)
Күз: — Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Басқа сендер сияқты бүлдіршіндерге баруым керек. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер. Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар! (Осылайша бұлтқа қайта мініп жел дыбысымен шығып кетеді.)
Жүргізуші: — Балалар, сендерге Алтын күз мерекесі ұнады ма? (Балалардың жауабы) Күздің берген сыйлығы ұнады ма?(Балалардың жауабы) Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды.