Мазмұндама «Қолғанат». Н. Қадырбаев.
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қолғанат». Н. Қадырбаев.
Сабақтың мақсаты: 1. Әңгіменің мазмұнын оқушыларға жетік түсіндіре
отырып, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету.
- Ой-өрістерін кеңейту, сөздік қорларын молайту.
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
а/ оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару.
б/ оқу құралдарын тексеру.
- Психологиялық дайындық.
Сыныпта шығармашылық, ынтымақтастық атмосфера жасау.
Өздерінің ережелері:
- Жұмысқа белсенді қатысу.
- Бір-бірімізді бөлмей тыңдау.
III. Мәтінмен жұмыс.
- Автор туралы әңгіме жүргізу.
- Мұғалімнің мәтінді оқуы. Түсіндіру.
- Сұрақ-жауап.
-Ерланның атасына не болды?
-Әке-шешесі қайда еді?
-Ауа-райы қалай өзгерді?
-Ерлан не істемекші болды?
-Ол ағашты қалай жарды?
-Атасы не істеді?
-Ерланның әке-шешесіне атасы не айтты?
-Ерлан қандай бала?
- Сөздік жұмысын жүргізу.
күрт – аяқ астынан
машықтанып – үйреніп
- Мәтінді бөліктерге бөлу, жоспар құру.
- Ерланның ісі.
- Атасының риза болуы.
III. Әке-шешесінің қуанышы.
- Жоспар бойынша оқушыларға әңгімелету, талдау.
- Ерланға мінездеме беру.
Тілалғыш, еңбекқор, қайырымды, мейірімді.
- Мұғалімнің екінші қайтара оқуы.
- Мазмұндама жазу.
- Тапсыру
- Үйге тапсырма беру. Зат есім тақырыбын қайталау.