Көлік түрлері

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты: Білімділік : Көліктерді ажырата білуге,не үшін керек екендігі туралы түсінік беру. Көлік туралы жұмбақтарды шешу арқылы балаларға көлік түрлерінің  ерекшіліктерін тереңірек түсіндіру.Өзін-өзі қоршаған ортада мәдениетті ұстауға,әдепті,әдемі болуға үйрету.

Дамытушылық:Балалардың сөйлеу,ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік  қорын жетілдіру.

Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезеңі

 

Тәрбиешінің  іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы Тақтада тақырыпқа сай суреттер іліп қоямыз.

Шаттық шеңбер.

Қуан шаттан,қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,қайырлы күн

Күліп шықты күн бүгін

Сәлеметсызба, апайлар!

Сәлеметсызба, қонақтар!

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге қимлдарын жасайды.

 

Іздену-ұйымдастырушы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінің қай айы?

Күз мезгілінің ерекшіліктерін атаңдаршы?

 

 

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біздер көлік туралы әңімелесеміз.Қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға

жауап беріп жұмбақтар шешеміз. Сонымен көлік дегеніміз не?

-Ол адамға не үшін керек?

-Ал, сендер балабақшаға немен келесіңдер?

-Өте жақсы, енді мен көліктің шығу тарихымен таныстырайын.

Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері.

Жерде жүретін көліктерге:

Жеңіл көлік,велосипед, пойыз,

автобус,троллейбус, жүк көлігі.

Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:

Ұшақ,тік ұшақ,зымыран.

Суда жүзетін көлік  түрлеріне:

Кеме,қайық жатады.

Жер  асты көліктеріне: метро.

Тосын сәт.(Дымбілмес кіреді)

Балалар, сәлеметсізбе!

Дымбілмес : Мен Сіздерден  көмек сұрауға келдім. Сендер маған көмек бере аласызба? Менің достарым Маша қыз  бен қонжық бал арасына кетіп еді бірақ әлі күнге дейін көптеген кедергілерден  өте  алмай    жолда тұрған көрнеді?

Тәрбиеші: Балалар, көмек береміз бе?

Ендеше жолға шығайық. Балалар біз биік-биік тауға келіп тоқтадық бұл таудан қандай көлік түрімен өтеміз?

Қане жауабын қарайықшы өте дұрыс айтыңдар ұшақ,тік ұшақ арқылы алыс жерлерге , көлік жүрмейтін жерлермен адамдарды,жүктерді әуемен тасымалдайды екен.

-Ал енді әрі қарай жолға шығайық алдымыздан үлкен әрі терең теңіз шықты.  Ал бұл теңізден қандай көлік түрлерімен өтуге болады?

-Өте дүрыс теңіз,мұхит,көл арқылы  адамдар өздерінің баратын жерлеріне,апаратын ауыр жүктерін осы кеме,қайықтармен жеткізеді екен. Балықшылар қайықпен балық аулайды.

-Әрі қарай жол жүрейік Маша қыз бен қонжық үлкен үңгірге келіп бұдан қандай көлік түрімен өтетіндерін білмей тұр, ал сендер білесіңдер ме?

-Ендеше теледидарға қарайық.Бұл жер асты метросы мұндай метролар Алматы қаласында үлкен қалаларда болады. бұл метро  деп айтамыз. Қане бәріміз қайталайықшы МЕТРО.

-Қараңдаршы, балалар, біз көптеген кедергілерден өтіп енді жазық далаға да келіп жеттік.  Жазық далада қара жолдармен  қандай көлік түрлерімен жүруге болады?

-Дұрыс айтасыңдар. Қане қарайықшы автобус,жүк  көлігі, поезд, велосипед, троллейбус,жеңіл көлік түрлерімен жүруге болады екен. Жарайсыңдар балалар, Маша қыз бен қонжық сендердің арқаларында үлкен-үлкен кедергілерден өтіп бал аралына келіп жетті сендерге үлкен рахмет айтып, сыйлықтарын ұсынып отыр.

-Ал, қазір, бойымызды сергітіп алайық қане мойнымызға мына вагондарды іліп алып қатар- қатар пойызды құрайық

СЕРГІТУ ЖАТТЫҒУЫ.

Қане кімнің бойы ұзын

Паровоз ол поездің

Қатар-қатар тұрайық

Пойызді біз құрайық

Ал паровоз баста алға

Бәрімізді басқарда

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік

Гу-гу гу-гу гуілде

Қалып қойма біріңде

Пш-пш пш-пш біз кеттік

Жүрісті біз үдеттік.

-Балалар ойын ұнадыма?

-Тағы ойнаймызба?

-Өте жақсы енді орнымызға жайғасамыз балалар көліктердің пайдалы да зиянды жақтары бар.

Пайдалы  жағы:

адамдар баратын жерлеріне осы көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.

Зиянды  жағы:

көліктерден шыққан түтін,улы газдар  қоршаған ортаның ауасын ластайды,

адамдардың ағзасына яғни ден саулығына кері әсерін тигізеді.

Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза  табады

,сондықтанда жолдан откенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.

Балалар жолаушылар жүретін көліктерде өз ережелері бар:

1.  Автобус,пойыз,троллейбусқа мінгенде  міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.

2. Үлкен адамдарға орын беру керек.

3.  Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.

4.  Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек.

Балалар мен жұмбақ жасырайын сендер сол жұмбақтардың шешуін табыңдар.

1-Төбесінде күндегі

Жалғанған желігі

Қабырғада күндегі

Нұр шашақан төрінде

2.-Әкемнің тор тайы

Май жалап су ішкен

Тоқтамай жортады.

 

3.-Құстан аумайды

Көкте зулайды.

4. Екі аяқты жануар

жаны жоқ  басқан

ізі бар?

Балалар, қазір біз дидактикалық  ойын ойнаймыз: «Қай көліктің дауысын естіп тұрсың?».

Сендер көліктің даусын мұқият тыңдап тауып айту  керексіңдер.

(Балаларды мадақтау)

Келесі дидактикалық ойынымыз :

«Бұл қай көлік?».(балалардың  жеке жұмысы)

Алдарыңдағы  көлік  түрлері бейнеленген суретті аламыз. Мен сендерге суда жүзетін көлік дегенде сендер сол көлікті тауып белгілейсіңдер.Егерде дұрыс жауап берген жағдайда, ғаламтордан сол көліктің дауысы шығады. жақсы жауап берген балаға жұлдызша беремін

-Өте жақсы,балалар бүгінгі сабақта не туралы өтіңдер?

Дымбілмес: Балалар, рахмет ,сіздерге , сендер менің достарыма көмек беріп бал аралығына жеткіздіңдер.Мына сыйлықты менен қабыл алыңдар.

Күз

Қазан

Салқын,жел,жаңбыр жауады,жапырақтар жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

 

 

 

 

 

Машина,такси

Міну үшін.

 

Машинамен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ия

 

 

 

 

Ұшақ, тік үшақ.

 

 

 

Кеме,қайық

 

 

 

жоқ

 

 

Метро

 

 

 

 

Жеңіл көлік, автобус,поезд

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешіге қосылып сергіту жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

-Ия

-Ойнаймыз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

троллейбус

 

 

жеңіл көлік

 

 

шақ

 

 

Велосипед

 

 

 

Балалардың

жүмысы

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы

 

 

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге  өте жақсы  қатыстыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: көліктің шығу тарихын,пайдалы,зиянды жақтарын атқаратын қызметі туралы,жүретін ортасына қарай топтастыра,көлік ішіндегі ережелер туралы білулері керек.

Болуы  керек: Көліктердің қолдануы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.

Баланың қолынан келуі: Сұраққа жауап беру,жұмбақ шешу қолдарынан келулері керек.