ДОСТЫҚ
Тақырыбы: ДОСТЫҚ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
- Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
- Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.
БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.
— Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)
Тренинг ережелерімен таныстыру.
- Кешікпеу.
- Өз уақытында бастау.
- Бір-бірін сыйлау.
- Ұзақ уақыт сөйлемеу.
- Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Әдепті — Әлия Үлпілдеген — Үміт
Жағымды – Жұлдызай Мейірімді – Мәди
Нұрдай – Нұрлыбек Аяулы — Ақсамал
Аққудай — Аружан Оқымысты – Оңалбек
Ынталы – Ықылас Ажарлы — Асыл
Айбатты – Аяжан Айдай — Аружан
Жақсы – Жаңабек Ғажайып — Ғасырбек
Айымдай – Аружан Жайдарлы — Жалғас
Нұрлы – Нұржігіт
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
- Шын досты қалай білуге болады?
- «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
- Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?
ІV. «Достық.Бірлік.» үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
- Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
- Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
- Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
- Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
- Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
- Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
- Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.
- Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3 секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Досымыз туралы ауызша әңгімелеу.
- Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде
психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады. Сол сұраққа осы өз
топтарыннан үш адам есімдерін айту.
- Кіммен дос болғың келеді?
- Партада кіммен бірге отырғың келеді?
- Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
ҮІІ. Қорытынды.
- «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.
- «Ризамыз» әнін айту
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.
Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.