Жаңа жылдық ертегі «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Жаңа жылдық ертегі  «Күлше қыздың сауық кешіне баруы»

Күлте қыз

Ханзада

Өгей шешесі

Екі сіңілісі

Ергежейлілер

Фея

Жыландар  

Патша

Аяз ата

Ақшақар

Мысықтар

Үш ат

Сұлтандар мен сұлтаншалар

Балалар жаңа жылдық киіммен алдында үш ақ ат шана сүйреткен, қоңыраулармен ән әуенімен кіріп билейді. (Балалар беттерінде аттар бетпердесі болады)

Шыршаны айнала тұрады (шырша шамдары жанбайды).

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақмамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Келді тағы жаңа жыл

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш

Құттықтаймыз сіздерді.

1 бала:

Армысыңдар халайық!

Бармысыңдар халайық!

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық!

 

Өлеңде әзір әнде әзір

Ойында әзір бәрі әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

2 бала:

Ертегі әлемі, неткен әдемі!

Жасыл шырша жанында барлық достар жиналды

Қане балақай бақашы, мән беріп қарашы

Достардың барлығы, үлгердіме санашы.

Асыға басып, қол ұстасып

Келді әне барлығы!

3 бала:

Жаға жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда біз

Жарқын-жарқын ән салып

Жалғасады жырға –жыр.

Мінекей жасыл шырша

Қуаныш жалпыға

Құлпырған сүйікті шырша

Жарқыра-жарқыра! (барлығыайтады, шырша шамы жанады)

Хормен ән: «Жаңа жыл!»

Барлығы би  билейді

(Балалар орындарына отырады. )

(жыландар кіріп жаңа жыл туралы ән айтады. )

Жыландар  тақпақтар:

  1. жылан жылы туғандар

Өсті жылда бойларың

Көп ойларды игеріп

Шарықтады ойларың

2.көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Қоштасамыз біз бүгін

Жасадық көп жақсылық

  1. балаларым балғындарым

Алғысым көпайтар менің

Дәл осылай артығырақ

Қарсы алыңдар жылқы жылын

4.ал,балалар тұрмайық

Жаңа жылдай жылқы бар

Оны ортаға алып біз

Қоштаса билеп алайық

(жыландар мен аттар билейді)

(жыландар кетіп, ергежилілер кіреді.)

1 ергежилі:

Біз сүйкімді ергежилі,

Орманда біз тұрамыз,

Біз сүйкімді ергежилі

Ертегіні бастаймыз.

2 ергежилі:

Орманды біз қорғаймыз

Қазынаны жинаймыз,

Бізді енді таныйсыңдар

Біз мейірімді құртақандар

3 ергежилі:

Сыйқырлы біз әлемненбіз

Ертегіні айтамыз біз

Мейірімді ханымыз жар салады

Баршаңызға, жар іздеуге ханзадаға

(Ергежилілер шығып, ортаға күлшеқыз кіреді. (ән айтады))

Ән   Они исполняют польку «Аннушка».

(Өгей шешесі кіреді. )

Өгей шешесі:  Күлшеқыз бері кел!

(аяғымен жерді ұрып)

(Әуен естіліп есіктен қолында қағазы бар ергежилі кіреді.)

Ергежилі (оқиды) : (Good morning!)  Гуд монинг!  Қайырлы күн! Ойын сауық кешіне шақырамыз. Барлық қыздар қауымын. Ханымыз солай бұйырды.

(Ергежилі хатты тапсырып, басын иіп кетеді)

Ө.Ш:

Рахмет, өте қуаныштымыз.

Міндетті түрде барамыз

Күлше қыз киім дайында

Ойын сауық кешіне

үшеуміз бірге барамыз.

(Екі қызы ортаға шығып)

Күлше қыз: Ооо, мен де кешке барамын

1 қыз: Патшамыз сені күтіп отыр дейсің бе? !

2 қыз: Сендей кір қожалақтарды шақырған жоқ!

(Күлше қызды мазақтап Өгей шешемен залдан шығып кетеді)

Күлше қыз:

Онда қандай көңілді

Шам шырықтар жағылған,

Барлық қыздар билейді

Ханзадамен қызықтап. (әндетіп айтады)

(Ө.Ш. қолында екі шелегі бар ортаға шығады, (біреуінде горох, екіншіде – фасоль)) .

Ө.Ш:

Тапсыра мен ойлап таптым,

Көңілді сен босатпа,

Біз келгенше кешімізден

Мыналарды жинақта!

(Еденге шелектегіні төгіп тастайды.)

Күлше қыз:(басын ұстап) :

Не істеймін енді мынаны

Қалай жинап үлгерем?

Жүргізуші:  Do we help our, Cinderella? (Ду уй хэлп ауа Синдрелла?)

Балалар: Yes!

Жұмыстан біз қашпаймыз,

Бәрін жинап тастаймыз!

Ойын:  «Бұршақтарды жинақтау» (2-3 рет) .

(балалар ойнап жатқанда К.Қ орындыққа отырады, Ө.Ш ортаға шығады)

Ө.Ш:

Қыздарым менің әдемі!

Сұлулықтың әлемі

Ойын сауық кешінде

Боласыңдар сендер әдемі

(Ортаға екі қыздары шығып шешелерінің қолынан ұстап шырша артына кетеді)

(Ортаға патша мен ханзада шығады)

Ханзада: I am so bad! (ай эм сөу бәд)

Ойын сауық кештерің

Көңілсіз болды мен үшін (есінеп)

Патша:

Ұлым жан – жағыңа қарашы,

Бәрі  қандай тамаша.

Көңіл көтер жараса.

Мысықтар қандай тамаша.

(Ортаға мысықтар шығып «Мысық» биін билейді)

Би: «Мысықтар»

Ханзада: Шаршатты бұл мысықтар,

Қызықты нәрсе табыңдар!

Ән: Шырша жыры

Патша: Алыс аймақ жерлерден

Келді әдемі сұлулар

Қарашы оның билерін.

Сұлулыққа көз тоймар

Элана:

Қане босқа тұрмайық

Бар өнерді сынайық

Көтеруге көңілді

Қандай өнер ылайық

Би: « Шығыс биі».

(Ортаға Ө.Ш. қыздары шығып.)

Ө.Ш: Мәртебелі патшамыз,

қонақтарды қарсы алып,

ортаға бері шығыңыз

Би билейік ән салып.

( патша  өгей шешесін, мысықтар қыздарын биге шығады) барлығы билейді.

( барлығы орындарына отырады)

(к. қыз ортаға шығып жылайды) күлшеқыз әуені ойнап тұрады.

(Ортаға  фея шығады қолында сыйқырлы таяғы бар)

Күлше қыз:

Сәлем бердім сізге мен

Келгеніңе қуанып

Фея: жылама қызым  жылыма

Жақсылықтың бәрі алда

Орындалып арманың

Сенде кешке барарсың.

 

Күлше қыз:

Бәрінде сіз білесіз.

Фея: Қолымнан келеріде көп!

К.қыз:

Қандай ғажап адамсыз,

Ризамын мен өмірге,

Ойын сауық кешіне,

Кір көйлекпен қалай барамын.

Фея: аймен жұлдыз жарығы

Жол көрсетер сендерге

Құпия сиқыр таяғы

Ергежейлер көмекке келер біздерге(сиқырлы таяғымен сермейді, жарық өшіп, қолдарына фанарик ұстаған ергежейлілер шығып к.қызды ортаға алып билеп шыршы артына алып кетедіде ,әдемі киіндіріп алып шығады.)

Фея: тыңда қызым бері қара

Айтар сөзім бар саған

Сағат тілі он екіні соққанда

Сиқыр күші жоғалар!

К.қыз: Thank you! (сәэнк ю) Рахмет сізге, бәрінде мен түсіндім.

(Фея мен к.қыз қоштасып шырша артына кетеді. Аттың дүбірі естіледі)

Патша: Let’s go dance! (летс гөу данс) (би бейлейік)

(К.қыз кіреді)

Патша:

Бұл недеген бейбастық

Тағы қонақ келгенбе?

Танымайтын ханшайым

Қайдан келдің қайжақтан.?

Ханзада:

Келгеніңе қуанып

Көтерілді көңілім.

Бейтаныс қыз қолыңды бер

Кел бейлейік танысып.

(Ханзада мен күлше қыз билейді)

Ханзада: Мен сіздің осы сарайда қалағаныңызды қалаймын.

К.қыз: Бұл кешті мен ұмытпаймын,

Бірақ та мен қала алмаймын.

(сағат тілі он екіні соғады)

К.қыз: Ханзада қош болыныз!

(К.қыз кетіп бара жатқанда оны аяз ата мен ақшақар  тоқтатып алады)

Аяз ата:

Тоқта, ботам, асықпа

Бүгінгі кеш ерекше,

Бәріміз қарысы алайық

Жаңа  жылды ерекше!

Ақша қар:

Айтқан тілек жаңа жылда,

Орындалар әрқашан

Тілек тілеп әрқайсымыз

Жаңа жылды тойлайық

К.қыз: Жаңа жыл да келіп қалды,

Тілек тілер уақыт болды.

Аяз ата: Армысыңдар жарандар

Атқан таңға қараңдар

Шуағын шашып алтын күн

Жаңа жылмен құттықтап

Келіп жеттім алыстан

Қуаныштымын мен бүгін. Бұл жерде не айқай шу болып жатыр? Не болды? Кім ренжіткен Күлше қызды?

Ө. шешесі мен қыздары:

Аяз ата бізді кешіріңіз!

Енді біз адал, мейірімді боламыз.

Ақша қар: Children, will we? (чилдрен уйл уй) Балалар, кешіреміз бе?

Балалар: Yes! Ия

1 ергежилі: Біздің ойын сауық кешімізді татулықпен жалғастырайық

2 ергежилі: Аяз ата Ақшақар бізге қонақ болыңыздар!

1.бала:

Аяз-ата аманба?

Аман болғың әмәнда

Қарша қызды сүйеміз

Ізетпен бас иеміз

Жаңа жылға мың сәлем

Жасай берсін бұл әлем.

2.бала:

Алыс-алыс жерден келдің

Отырағой деміңдң ал

Өңкей бала төңірегің

Бізбен бірге әнге сал

 

 

3бала:

Барымызды әнімізді

Аямайық сенен біз

Сынамашы ата бәрімізді

Бәрімізде өнерліміз

4 бала:

Бар баланың қонағы

Төрлет ата жоғары

Жұрттың бәрі атадай

Қашан мырза болады.

Жүргізуші: Балалар аяз атамен ақшақарға  арнап ән айтайық.

Ән: «Аяз ата»

1 бала:Қыс келді, қыс келді,

Ақтарып ақ қарды.

Жон аппақ түске енді,

Аралап қайтайық

Ақ еүміс бақтарды.

 2 бала:Шыңдарды, құздарды,

Шаңғымен сызалық.

Елемей ызғарды,

Жаңа жыл бәйгесін

Келейік біз алып.

3 бала: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде!

4бала: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

жаңа жылда келеді

бізге қарай жылыстап

Ақашақар: балалар мен сендермен ойын ойнағым келеді.

Ойын:«Шар жару»

Аяз ата:

Қызық дәурен тез өтуде қарасам

Қыза берсін жаңа жылдық тамаша

1бала:Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады  қатады

Жып жылтыр болып жатады.

2бала:Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен күтіп сағынып.

3бала:Кел бидейік сенімен

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе ақша қар

Адамдардың демімен

Қаршақыз:

Билейміз деп бұралып

Қыздар тұр міне сұранып

Би: қаршалар

Аяз ата:

Балалар сендердің білімдеріңді тексерейін жұмбақ жасырсам шеше аласыңдарма?

Балалар: иа

Жұмбақтар:

1.Пісте, пісте көп пісте

Қызы  жазы бір түсте.

2.Қыста жер бетін басады

Көктемде сайға қашады.

  1. 3. бетіңді шымшып алады

Терезеге өрнек салады.

Жүргізуші: Ата біздің балалар ағылшын тілінде тақпақтар айталады

Ағылшынша тақпақтар:

Ой жарайсыңдар балалар, балалар өркендерің өссін,өнерлеріңді тамашаладым, сендер секілді балалар күтіп отыр  олардыда қуантайын.жаңа жылды жақсылап қарсы алыңыздар сау болыңыздар.

Қаршақыз:

тыңдаңызшы  ата сіз мені

Ұмыттыңыз сіз нені?

Аяз ата:

О,қызым есіме салғаныңа рахмет

Күлшеқыз бүгін достасты

Араздықпен қоштасты

Жаңа жыл келіп ортаға

Бәрімізбен қауышты

Сыйлығым дайын меніңде

Бөліп берем бәріңе.

Балалар ақшақар екеуіміз кетейік жаңа жылды жақсылап қарсы алдық, бір –біріңмен тату болыңдар, бір-біріңді ренжітпеңдер,  қош сау болыңыздар.

Балалар: сау бол аяз ата, сау бол ақшақар.

Жүргізуші:

Қандай жақсы біздің аяз атамыз

Ол кеткенде терең ойға батамыз.

Ақшақар болып қалықтаймыз аспанда

Құс жолымен ән сап бара жатамыз.

Ән: жаңа жыл

(балалар залдан билеп шығып кетеді)