Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Ө. Тұрманжанов «Жаралы торғай»
Сабақтың мақсаты: 1. Ө. Тұрманжановтың өлеңін мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру.

  1. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
  2. Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
    Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, суреттер, сөзжұмбақ.
    Сабақтың түрі: аралас сабақ.
    Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,талдау,іздену.
    Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Шаттық шеңберін құру.
Өткен сабақты сұрау.

Көктем. Көктем жыры. Өлеңдерді мәнерлеп оқытып, сұрақ-жауап әдісі арқылы бағалау.

Жаңа сабақ. Мақсат қою кезеңі.

Сөзжұмбақ шешу.

Суреттер топтамасымен жұмыс.

Өтебай Тұрманжанов туралы интерактивті тақта арқылы жалпы түсінік беріледі.

Ө. Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш»

ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде

Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды.

«Қазақ әдебиеті», «Әдебиет майданы», «Жұлдыз» газет-журналдары бас

Редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37жж) болды. Саяси қуғын-

сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. Тұңғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925ж) Мәскеуден шықты. 1937 жылы — «Қошан кедей», 1929 жылы — «Таң сыры» т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Қазақтың мақал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө. Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында дүние салды.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап әдісі.

-Торғайдың өлең айтуға неге зауқы болмады?
-Торғайдың қасына бала жақындаған кезде торғай не істеді?

Барлық оқушыға бір қатардан түгел оқытып шығу.

Дәптермен жұмыс. Шығармашылық тапсырма.
Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын өзің ойлап жаз.

Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз.
Интерактивті тақтадан «Қараторғай» әні тыңдалады.
Тағы қандай теңеу қосар едің?

Сабақты қорытындылау.

-Автордың айтайын деген негізгі ой түйіні неде?
-Өлеңнен нені түсіндіңдер?

Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқып, мазмұндау.

Бағалау.