« Ана-өмірдің шуағы.»
Тақырыбы: « Ана-өмірдің шуағы.»
Мақсаты:Балаларға аналар мейрамы туралы түсінік беру.Барлық аналарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалардың ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ана туралы мақал-мәтелдер, гүлдер, ленталар, шарлар, үнтаспа.
Сабақ барысы:
(үнтаспадан «Анашым» әні баяу ойнап тұрады.)
Жүргізуші: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын бастайық.
Балалар хормен аналарды құттықтайды:
Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол,ақ мамам.
Жүргізуші:Құлпырған күн келді
Жылу тартып бойына
Ұстаз, ана кемеңгерді
Құттықтау тұр ойында.
Ал, балалар, халайық,
Бәрің,бәрі қараңдар,
Тіршіліктің бастауы
Көктемді қарсалайық.
Көктем (музыка ойналғанда кіреді):
Сәлем, достар аман ба?
Мыңау бейбіт заманда
Мен көктемнің жаршысы,
Қуантамын бәріңді.
Балалар көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар:(күн жылынады, қар ериді, құстар сайрайды, ағаштар бұршік атады, бәйшешек гүлдейді).
Көктем:Дұрыс айтасындар, ал көктем айының алғашқы нұрлы мерекесі қалай аталады?
Балалар: Аналар мерекесі.
Көктем: Сендерге қарасам бүгін аналарды мерекесімен құттықтауға келген сияқтысындар.
Балалар: Иә.
Көктем: Ал, сендердің өңерлерінді тамашалайық.
Балалар дайындаған тақпақтарын кезекпен айтады.
Жүргізуші: Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей бүгінде
Бұлдіршіндер ән салсын.
(М.Мақатаевтің сөзіне жазылған «Құттықтаймын мама»әнін қабыл алыныздар).
Балалар хормен өлен айтады.
Балалар дайындаған тақпақтар кезек алады.
Жүргізуші:Күлімде, күн күлімде
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың көкшіл түгіндей
Мың бұралып, би салсын.
Балалардың орындауында вальс.
Жүргізуші: Әке – асқар тау,
Ана – етегіндегі бұлақ,
Бала – жағасындағы құрақ –дей келе ортаға шаңырықтың иелері әкелерді шақырамыз.Сіздерге берілетін тапсырма, берілген уақыт ішінде мына картоптарды таза, жылдам аршып бітіру керек ( алжапқыш, пышық, ыдыстағы картоптар). Бір, екі, үш – бастадық.
Келесі «Ана, әйел, қыз бала туралы мақал – мәтел айту керек».
Жеңімпаз әкелерге сыйлық береледі.
Жүргізуші: М.Омаровтың сөзіне жазылған «Әнші балапан» әнін балалардың орындауында қабыл алыныздар.
Жүргізуші: Ананың – ойы балада
Баланың – ойы далада дей келе құрметті бүгінгі қуаныш иелері аналарды ортаға шақырамыз. Үш анаға берілетін тапсырма көздерініз байлаулы күйде, бір топ бала ішінен өз балаларынызды табу керек.
Қазір кішкене шібилерді ортаға шақырамыз «Шип – Шип жужәләлім» биі орындалады.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Балалар аналарға дайындаған сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен біздің шағын тәңертеңгілігіміз аяқталды аналарға бақыт, денсаулық, бірлік тілейміз.( Анашым әнін хормен айтып аяқтаймыз).