Өрнек әжеде қонақта
Тобы: «Шағала» (II кішілер тобы)
Тақырыбы: Өрнек әжеде қонақта
Мақсаты: Ою — өрнек туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Қоғам өміріндегі еңбектің,халық қол өнерінің рөлін түсіндіру.Дәстүрлі емес әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, саусақпен ою — өрнекті салуды үйрету.
Дамытушылық: Баланың есте сақтау қабілетін,зейініні аудартып, елесін дамыту.
Тәрбиелік: Өнер адамдарын құрметтеу,өнердің мәңгі өшпейтін ою-өрнектердің сыры мен қырын білу арқылы, балаларды шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Дәстүрден тыс
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: «Ою хан мен Жою хан» ертегісін көру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.
Көрнекіліктер: Киіз үй, үй жабдықтары; ұлттық киім-кешектер мен бұйымдар, ат арба.
Билингвальды компонент: ою — өрнек — орнамент — decorative pattern
Баланың білуі: Ою-өрнектер туралы білді.
Баланың меңгеруі: Ою-өрнектердің жасалу жолдарын меңгерді.
Баланың жасай алуы: Ою-өрнектерді қағаз бетіне жапсырып, өрнектердің қимылын би арқылы жасады.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушы кезең
| Шаттық шеңбері: Бас бармақты бассам егер, «Ботакөз» боп шығады. Алақанды ашсам егер, «Бестаңба» боп шығады. Егер жұмсам алақанды, «Тарақ» оюы шығады. Оюларды білетін, Біз қазақтың баласы.
Ғажайып сәт: Ішке көңілсіз болып қошқар мүйіз оюы келеді. Тәрбиеші: Балалар бұл қошқар мүйіз оюы емес пе? Қошқар мүйіз оюы: Мен достарымнан ажырап қалдым. Сендер маған достарымды табуға көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Балалар ауылға баратын жол алыс. Ат арбамен барғыларың келе ме?
Қошқар мүйіз оюы: Балалар сендер мен және менің достарым туралы қандай тақпақтар, мақал-мәтелдер білесіңдер?
Қошқар мүйіз оюы: Рахмет, балалар! | Бас бармақты бассам егер, «Ботакөз» боп шығады. Алақанды ашсам егер, «Бестаңба» боп шығады. Егер жұмсам алақанды, «Тарақ» оюы шығады. Оюларды білетін, Біз қазақтың баласы.
Балалар таң қалды.
Иә Ою сен неге көңілсізсің?
Иә, әрине көмектесеміз.
Балалардың барлығы ат арбаға мінеді.
Өз үйінде ою оймаған, Кісі үйінде сызу сызады. Өнер тамған- он саусақ,үзілмейтін ырысын. Өнері жоқ- он саусақ ,бар болмай-ақ құрысын. Қазақта бір ою бар -«Қошқар мүйіз» Әжем өрнек тереді. Сырмақ отыр оюлап, Басы ауыра береді. Шай ішпесе, қоюлап
|
Іздену- ұйымдастырушы кезең
| Тәрбиеші: Міне, Өрнек әженің үйіне де келдік. Өрнек әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер! Жақсы, бірақ мен далаға көңілді оюларымды ойнатуға шыққам, қошқар мүйіз оюымды таба алмай қалдым. Рахмет, балалар! Сендер мені бүгін бір қуантып тастадыңдар. Келіңдер, төрлетіңдер! Бұл үй ою-өрнектерден әсемделіп жасалынған. Бұрынғы кезде біздің ата — бабаларымыз осы киіз үйде өмір сүрген. Сол киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарын ұстаған. Қазақтың ұлттық тұрмыстық бұйымдарына сандық, көрпе, жастық, киіз, торсық,; киім-кешектерге — кимешек, кажекей, мәсі, сырмақ жатады. Тәрбиеші: Ал балалар сендер Фрёбель сыйы ойыншықтар жиынтығын қолданып текемет құрастырыңдар. (Семинарға қатысушыларға ою-өрнектер беріледі. Сол арқылы бір ертегі құрастырулары керек.) Өрнек әже: Балалар сендер қандай әдемі салғансыңдар. Дидактикалық ойын: «Табиғат сыйы» Мақсаты: Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру. Балалар сендер табиғатта бейнеленген көріністерді ою-өрнекпен бейнелейсіңдер. Өрнек әже: Балалар мен сендерден қонақ кәде сұрағым келіп отыр.Қандай өнерлерің бар? Өрнек әже: Рахмет, балалар! Маған билерің қатты ұнады. Тәрбиеші: Өрнек әже сізге көп рахмет! Біз сізге әлі де келеміз. Сау болыңдар!
| Сәлеметсіз бе, Өрнек әже!
Қалыңыз қалай?
Өрнек әже сіз қамықпаңыз.Біз сіздің адасып қалған көңілді оюыңызды ала келдік. Балалар ішке кіреді. Киіз үйіңіз қандай әдемі.
Балалар Фрёбель сыйы ойыншықтар жиынтығын қолданып, текемет құрастырады.
Балалар табиғатта бейнеленген көріністерді ою-өрнекпен бейнелейді.. «Өрнектер биін» билеп береді.
Сау болыңыз!
|