«Күміс қыс»
Сабақтың тақырыбы: «Күміс қыс»
Сабақтың мақсаты: . Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту
.Схема бойынша суреттің мазмұнын құруға және сөздерді байланыстырып айтуға дағдылындыру.Тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік:Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат,қысқы еңбек жайлы түсінік беру. Затты зерттеуге алгаритм жасауға үйрету.градтаж техникасын меңгерту.
Дамытушылық:Танымдық, шығармашылық қасиеттерін,тілін,сөздік қорын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру
Тәрбиелілік: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі:Дамыта оқыту «Тәй-тәй» бағдарламасы.
Қолданылғанәдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен,Триз,тірек-сызба,алгаритм, тәжірибелік,көрнекілік,ойын ,сөздік,схема арқылы әңгіме құрау.
Көрнекіліктері:«Таңғажайып алаңы» ойыны,схемалар,суреттер,мұз,зертхана приборлары,май шам, бояу,стек,сүлгі.
карточкалар,зерттеу құралдары,май шам,бояу,қатты қағаз.
Сабақтың барысы:
Амандасу (Қайырлы күн,сәлеметсіз бе?,хош келдіңіздер,төрлетіңіздер,Good morning!)
Амансың ба нұрлы күн!
Амансың ба қара жер!
Аман –есен болайық!
Бейбітшілік қалайық! Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап)
Ұйымдастыру кезеңі.
- -Балалар бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.
-Айнала қандай?
-Қар қандай?
-Ал мұз ше?
-Ауа қандай?
-Терезелерде не бар?
Қыс қандай болады? (қарлы,боранды,аязды)
Қыста аулада қай құсты кездестіруге болады?
-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?
(балалардың жауабы)
Қазір қыстың нағыз ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды сен білесің бе?
Иә білемін айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енеді.
Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз.
Қыста ауа райында қандай өзгерістер болады?
Жерді қар басады.Өзенді мұз басады.
Құстар ән салмайды.Ағаштар өспейді.
Жәндіктер тығылып қалады.
Адамдар қалың киінеді.
Қыс айлары жайлы біз не білеміз?.
Желтоқсан-жыл аяғы қыстың басы ол,суық,ызғарлы болады.
Қаңтар-Жыл басы қыстың ортасы ол ең қарлы ай.Бұл айда қатты суық,үскірік аяз болады.
Ақпан -жел мен боранның айы.Бұл айда ең ауыр,әрі суық дүлей борандар болады.
Ойын тапсырмалар
№1 тапсырма Балалар сендер қалай ойлайсыңдар қыс жақсы ма? жаман ба?
Қыстың жақсы және жаман жақтарын айтады.
№2 « Ғажайып баспалдақ»
Мына сөздері қатыстырып екі жол өлең құрастыр
1.Бар,қар.2.Ойнады,Тоңбады.3.Мұз,біз.
№3 «Сөйлемді аяқта»
1.Қырау басқан ……(әйнек,ағаштар)
2.Балалар аққала…..(Жасады,жасап ойнады)
3.Қар жапалақтап …….(Жауып тұр,жауады)
№4 №4 «Ұқсастығын тап»
Мұз жылтыр не сияқты?
Қар ақ не сияқты?
Балалар оталықтарға фишка бойынша бөлінеді
Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар!
1.Тіл дамыту опталығы
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің барысы:
Ойын «Таңғажайып алаңы»
Тіл дамыту сабағы
Оқылатын өлең:
Ш.Ахметов.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып,
Кейде ысқырып.
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
,Бұл қайкезде болады?
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды.
Ойын шартын түсіндіру.
. Төрт ойыншыға сегіз тапсырма
Схема бойынша әңгінің жоспарын құру.
Ол қандай ағаш?
Суретке тақырып қояйық.
Балалар не істеп жүр.Олардың көңіл-күйлері қандай?
Саған қармен ойнаған ұнай ма?
1схема «Жыл мезгілі мен ауа-райы»
Суретте қандай жыл мезгілі берілген?
Сен оны қайдан білдің?
2схема «Қысқы табиғат»
Ағаштарда не байқадың .Жерден не көрдің.
3схема «Қысқы еңбек»
Қыста қандай еңбек істеледі ? Адамдар не жұмыс жасап жатыр?
4схема «Балалардың ойындары»
Балалар не істеп жүр. Олардың көңіл күйлері қандай?
«Қыстың шуақты күні.Жапалақтап қар жауып тұр.Айнала аппақ.Ағаштарды қырау басқан.Үйлердің төбеінде де қар.Жерде омбы қар.Адамдар жолды қардан тазартады.Ал балалар көңілді.Үйткені олар қардан аққала жасады.Шана,шаңғы тепті.Мұзда сырғанап ойнады.
.1. «Қызықты тапсырма.»
2 «Ойланып көр.»
3 «Жұмбақ шеш»
Тірек сызба бойынша жұмбақ жасырады.
Ол көңілді сайқымазақ емес
Үш қабатты бірақ үй емес
Қайырымды бірақ дәрігер емес (аққала)
4 «Тақпақ айт»
Тірек –сызбаны пайдаланып қыс туралы тақпақ оқу.
Бір топ бала далада
Соқты қардан аққала,
Мұрны сәбіз үп-үшкір.
Көзі көмір қап-қара.
.
Бұл қай мезгіл?
2 Ғылым орталығы
Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Айналамен таныстыру
Сабақтың мақсаты:Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру.Тәжірибе арқылы мұздың қасиетімен таныстыру.
Қалай ойлайсыңдар қар дегеніміз не?
Қар-кішкентай мұз кристалдарынан тұрады.Қар суық аязды күні қиыршық түрінде болады.Күннің жылы кезінде қар жапалақтап түседі.Аязды күні аяқ астында қар сықырлайды.
Қар неге ұқсайды?
Қар ақ болса оны жеуге болатын шығар.
Жоқ жеуге болмайды .Қарда көп микроптар болады, тамағың ауырып қалады.
Микроптар болатынын қайдан білеміз?
Қар ерігенде суға айналады,содан көруге болады.
Ал, суды қатырсақ не болады? Мұз пайда болады.
Жұмбақ шешу
1.Суда қалқиды,жылыда балқиды. (Мұз)
Су – ана жайлы аңызды айтып береді.
«Ерте ерте ертеде су-ана өмір сүріпті.Оның үлкен отбасы болыпты.Ұлдары- тұман,жаңбыр,қар.Қыздары- шық,мұздық,және қарша қыз. Олардың мінездері әр түрлі болыпты.Су-ана қызы мұздаққа қонаққа келеді.Су-ананың қызының қандай қасиеттері барын қазір біз білеміз.
Мұздың қасиеттерін зерттеу.
1Мұз текшелерін жылы жерге қойсақ ол ериді.
2.Еріген мұзға бояу қосып қатырсақ түсі өзгереді.
3.Қалай ойлайсыңдар мұздың дәмі бар ма?Иісі ше?
4.Бір қалыпты температурасы бола ма?
5Ауыр ма жеңіл ме?
Ал мұз пайдалы ма жоқ па?
Неге пайдалы? (балмұздақ жасайды,сырғанақ жасайды,су астындағы мекендеушілерге аяз қорқынышты емес екен)
Неге зиянды? (жеуге болмайды,құласаң ауыртады,лақтырғанда қатты тиеді,өзенде мұздың бетінен жүруге болмайды)
Алгаритм бойынша белгілеу.
Өнер орталығы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті:Бейнелеу өнері
Сабақтың мақсаты:Дәстүрден тыс тырмалау әдісі бойынша қыс мезгілін суреттейді.
Орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы балалар әңгімелейді.
Сергіту сәтін Жел улейді у-у-у
Боран соқты зу-зу
Қатты-қатты жел соқты гу-гу
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах
Билеп кетті қалтырап пах-пах
Балалар белсенділік орталықтарымен ауысады.
Қорытынды. Балалар сендердің барлығың да өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
Біз не үйрендік?
Сендерге ұнады ма?
Кімге не ұнады?
Рахмет сендер өте тамаша балаларсыңдар менің сендерге азғантай сыйлығым бар.
Көңіл-кі-күйіміз қандай? Тамаша!
Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
Ауа райы қандай? Тамаша!
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.!
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша! Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді)
Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар!
Тапсырмалар
- «Қызықты тапсырма.»
- «Ойланып көр» Тірек-сызба сурет бойынша
Мынау кімдер? Мынау балалар
Балалардың көңіл күйі қандай? Балалар көңілді.
Балалар қанша? Балалар көп.
Балалар не істеді? Балалар ойнады.
Көп балалар көңілді ойнады.
Тақпақ
Бір топ бала далада
соқты қардан аққала
Мұрны қызыл үп—үшкір.
Көзі көмір қап-қара.