Қ дыбысы және әрпі

Білім  беру  саласы:  Қатынас

Оқу  іс – әрекет  түрі:  Сауат  ашу

Сабақтың  тақырыбы:  Қ  дыбысы  және  әрпі

Сабақтың  мақсаты:  Қ  дыбысы  мен  әрпін  таныту,  оқуға  жаттықтыру,

сауатты  жазуға  машықтандыру.  Ойын  арқылы  ойлау  қабілетін  дамыту,

сөздік  қорын  молайту,  оқуға  деген  белсенділігін  арттыру.

Көрнекіліктер:   суреттер,  кеспе  әріптер,  буындар,  жаңа  сөздер

жазылған  таблица.

Сабақ  түрі:  аралас  сабақ.

Сабақ  барысы:  Ұйымдастыру  кезеңі.

Балаларды  орнынан  тұрғазып  амандасу.

Амансың  ба  алтын  күн!

Амансың  ба  көк  аспан!

Амансың  ба  достарым!

Амансыздар  ма  қонақтар!

Сабағымызды  бастайық.

Жамандықты  тастайық.

Жарайсыңдар  балалар,  көңіл  күйіміз  жақсы  болса,  көңілді  отырып

сабағымызды  бастайық.

Қазір қай жыл мезгілі ?

Күз.

Күз  мезгілінде  қандай  өзгерістер  болады ?

Балалар  жауабы.

Күз  мезгілінде  неше  ай  бар ?

Балалар  жауабы.

Тәрбиеші:  Балалар   бүгін  біздің  топқа бейтаныс  әріп  қонаққа  келіпті.

Бұл  әріп  өзінің  қандай  әріп  екенін  айтпады.  Сендерге  не  дер  екен,

енді  әріптің  өзіне  сөз  берейік.

Әріп:  Балалар,  мен  қаладан  келдім.  Ондағы  өздеріңдей  балалардың

сендерге  жолдаған  өтініштерін  ала  келдім,  сендер  сол  тапсырманы

дұрыс  орындасаңдар,  мен  өзімнің  қандай  әріп  екенімді  айтамын.

І  тапсырма:  (От,  орақ,  орамал  суреттері)

Бұл  ненің  суреттері,  сөздерді  буынға  бөліп,  алғашқы  дыбысын  ата,

ол  әріпті  кассадан  көрсет.

ІІ  тапсырма:  Балалар  сендер  кеше   өткен  О  дыбысы  дауыссыз  дыбыстармен  дос.

Оларды  бір – бірінен  бөліп  оқуға  болмайды.  Мына  буындарды  дұрыс  оқыңдар.  ШО, НО, ТО, ПО.

 

ІІІ  тапсырма:  ОРАН,  ОЙНА,  ОЙЛА  сөздеріне  дыбыстық  талдау  жасату.

Жарайсыңдар  балалар,  сендер  қонақ  әріптің  бірнеше  тапсырмасын  дұрыс  орындадыңдар.

Негізгі  бөлім:  Жаңа  сабақ

Ойын:  «Сиқырлы  сандар»

Балалар  қазір  біз  «Сиқырлы  сандар»  ойынын  ойнаймыз.  Біз  білімді,

әрі  тәртіпті  болсақ  сандар  бізге  не  жасырып  тұрғанын  білеміз

Ребусты  шеш.

 

 

 

 

 

Әр  ребусты  шешкен  сайын  сандар  алынып  астынан  әр  түрлі  суреттер  шығады.

Балалар  ненің  суретін  көріп  тұрмыз? (Қайық)

Жарайсыңдар  қайық  сөзінің  басында  қандай  дыбыс  естіліп  тұр.  (Қ)

  1. Аққу
  2. Қой
  3. Қасық

Балалар  бүгін  бізге  келген  бейтаныс  қонақ

Қ  әрпі  екен

Қ   дыбысын  үш  рет  хормен  қайталап  айтқызу.

Қ   әрпі   дауыссыз   екенін  айту.

Қ   дыбысына  сөздер  ойлату,  әріп  таңбасымен  танысу.

 Дәптермен   жұмыс:

Суретте  не   бейнеленіп  тұр.  (Ұшақ, қобыз, тышқан)

Қ   дыбысы   сөздің  басында,  ортасында,  соңында   кездеседі  екен.

Сергіту  сәті:

Ұзын  құлақ  сұр  қоян,

Естіп  қалып  сыбырды.

Ойлы – қырлы  жерлерден,

Ытқып – ытқып  жүгірді.

 

 

Жазу  жұмысы:

Қ  әрпін  жаздыру,  алдымен  ауада  жазып  көрсетемін.

Балалар  Қ  әрпінен  буын  құрайық  ҚО, ҚА, ҚУ.  (Қа – ла,  қо – ра, қу – ат)

Балалар  бүгін  қандай  дыбыспен  таныстық ?

Бүгінгі  сабақ  сендерге  ұнады  ма?

Ендеше  қонақтармен  қоштасайық.

Аспанымыз  ашық  болсын!

Көк  туымыз  биік  болсын!

Еліміз  тыныш  болсын!

Деніміз  сау  болсын!

Сау  болыңыздар.