«Ақшақар достарын күтеді» (ортаңғы топ)

«Ақшақар достарын күтеді»

(ортаңғы топ)

БҚО, Орал қ. №35 «Шұғыла» бөбекжайының

музыка жетекшісі: Бірмұқанбетова Анаргүл

Нариманқызы

(Үнтаспаға жазылған дауыс немесе жүргізуші )

 

«Алыста, алыста, тұрыпты Аяз-атамен Ақшақар. Ақшақар күн ұзақта аңдармен орманда ойнағанды жақсы көрген оларға Ақшақар ән айтқан, бірге би билеген .Аяз-атаның шарбағында бір қоян тұрған ол шарбақта тазалықты жақсы көрген күнде жинаған, сыпырған.

Аяз-атаның Жаңа-жылдың алдында жұмысы көп. Түні бойы шыршыны безендірген Ақшақарды қуантайын деп. Ал таң атысымен жұмыстарымен кетіп қалған. Ақшақар үйде жалғыз қалған .

Ақшақар:      ( Үйінен шығып қуанып шыршаны айналдыра қарап)

Тамаша! Қандай шырша маған Аяз- ата әкелген!

Қанша ойыншықтары бар! Қалай жалт-жұлт етеді!

( Қайтадан айналдыра қарайды да айқайлайды)

Қоян! Әй- қоян! Мында кел! ( Секіріп қоян келеді)

Қоян: Шақырдыңба, Ақшақар мені?

Ақшақар: Ия, қоян. Қазір маған  көпдеген қонақтар келеді, сен       есіктің қасында тұр.

Ал менің әлі де істелмеген көп жұмыстарым бар.

 Қоян: ( Секіріп ) Жарайды, Ақшақар! (Сыпырғышты алып, есіктің қасын әндетіп сыпыра

бастайды).  Есікті қаққан естіледі

Қоян: Кім бұл? Кім келді бізге?

Аю: Ақшақар біздерді Жаңа-жылды қарсы алуға шақырған.

Қоян: Ақшақар, мұнда аюлар келіп тұр.

Ақшақар: Кірсін, кірсін.

Аю: Сәләмәтсізбе? Ақшақар, біздер саған Жаңа-жылға тәтті бал әкелдік.Жаңа- жыл тәтті

өтсін деп.

Ақшақар: Рахмет, рахмет. Төрлетіңдер.  ( Есіктің артынан ызылдаған дауыс естіледі)

Қоян: Ақшақар мұнда балдың иісіне аралар толып кетті. Не істеймін?

Ақшақар: Кіргіз оларды. ( Ұшып аралар кіреді шыршаны айналады.)

Ән: «Аралар»

Бірінші ара: Түсінбедім бал иісі шыққан сияқты, бірақта мына гүлде ешқандай бал жоқ!

Ақшақар: Аралар, ол гүл емес ол Жаңа- жылға безендірілген шырша.

Екінші ара: Шырша дегенді білеміз бірақта Жаңа-жыл туралы естімедік.

Ақшақар: Олай болса қонақтармен жайғасып бірге Жаңа- жылды қарсы алайық сонда

білесіңдер. (Тағыда бір дүрсіл естіледі)

Қоян: Бұл кім?

Пингвиндар кіреді.

Бірінші пингвин: Жаңа- жылыңызбен барлықтарыңызды!

Екінші пингвин: Ақшақар, мынау сізге сыйлық.

( Бір балық береді)

Үшінші пингвин: Оны біздер мұхиттан аулап алдық.

Би: «Пингвиндар»

Ақшақар : Қош келдіңдер, пингвиндар!

( Тағыда есік қағылады)

Қоян: Бұл кім?

Бірінші қоян:Кіргізіңдерші біздерді, біз батылды қояндармыз

Біз ешкімненде      қорықпаймыз.

Екінші қоян: Жаңа- жылдарыңызбен, Ақшақар!

Үшінші қоян: Біздер саған Жаңа – жылға сәбіз әкелдік.

Ақшақар: Рахмет, төрлетіңдер, отырыңдар.

Төртінші қоян: Мында Қасқыр, Түлкі жоқпа? (Дірілдеп, есіктің дүрсілі естіледі)

Бесінші қоян: Ой, бұл кім?

(дауысы дірілдеп,Ақшақардың артына барлық қояндар тығыла бастайды.)

Ақшақар: Қорықпаңдар, сендерге ешкім тиіспейді.

Қоян: Ашайынба?

Ақшақар: Әрине ашағой. Біздер Жаңа- жылды қарсы алап отырмызғой.

(Есіктен Қасқыр,Түлкілер кіреді. Қасқыр шананы сүиреп ал шанада түлкілер

отырады. )

Қасқыр: Әзер дегенде жеттімғой, кәне түсіңдер.

Бірінші түлкі: Жаңа –жылыңызбен Ақшақар!

Екінші түлкі: Біздер саған асықтық, сондықтанда шанаға отырдық.

Үшінші түлкі:   Міне біздің сыйлықтарымыз.( Кішкентай үйрек береді , ал қасқыр

ойыншық береді)

Түлкі: Ой, мұнда көп қояндар бар екенғой.Біз солардың қасына отырайықпа?

Ақшақар: Жаңа- жылды бізбен бірге қарсы алғыларың келсе, қояндарға тиіспеймін деген

сөз беріңдер.

Түлкі: Жарайды тиіспейміз.Олар босқада арық болады, ылғый сүйек.( Тағыда бір дүрсіл

естіледі.Құлпынайлар кіреді)

 

Бірінші құлпынай: Біз көңілді құлпынаймыз.

Екінші құлпынай: Би билейміз , ойнаймыз.

Үшінші құлпынай: Жаңа – жылды тойлаймыз.Керек болса, бәріміз би билеп береміз.

 

Би «Құлпынайлар»

Ақшақар: Размет, құлпынайлар! Төрлетіңдер.

Балалар, Аяз- ата қазір қартайды. Мүмкін адасып кеткен шығар. Кәне

барлығымыз бірге қосылып шақырайық.

Бәрі: Ау-ау! Аяз-ата!

Әуенмен Аяз- ата кіреді. Қасында сиыр.

 

Аяз- ата: Амансыңдарма, ұлдарым?

Амансыңдарма, қыздарым?

Қандай жарқын жүздерің?

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан

Асау желмен жарысқан,

Аталарың сендерге

Асығып келді алыстан!

Мен, қоян ,түлкі,қасқырларды іздеп жүрсем, бірге Жаңа- жылды қарсы

алайындеп. Олар мында келіп қалыптығой.Қалай, Ақшақар шырша

саған ұнадыма? Саған арнап таңдап алдым.

 

Қоян: Аяз-ата сізді күтудеміз.Шыршамыздың оттарын жақшы.

Ақшақар: Балалар келіңдер, шеңберге тұрайық, Жаңа- жылды тойлайық!

Аяз.- ата:Жарайды, менімен қосылып айтыңдар.

Бір, екі, үш

Шырша жарқыра! (Бірнеше рет айтылады, шырша жанады.)

 

Бірінші бала: Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз

Жаңа –жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз!

 

Екінші бала: Ел құрметтеп көп тосқан

Келді Аяз- атамыз

Келіңдер, кел, достар

Қазір ән айтамыз

Үшінші бала: Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз- атаны

 

Ақшақар: Шыршамызға арнап әнімізді айтайық.

Ән: «Тауда туып, тауда өскен» (Әнде Аяз- ата шеңбердің ішінде жүреді. Әннің соңында

балалар қол ұстасып аяз- атаны шеңберден шығармайды.)

 

Ақшақар: Аяз- ата біздермен бір ойын ойнаңызшы.

Аяз- ата: Ойнасақ ойнайық.

 

Ойын: «Шелекті қармен толтыр.»

Аяз- ата: Шаршадым,сәл отырып тынығайын.

Қоян: Аяз-ата мында отырыңыз.Ал бөбектер сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Аяз- ата: Жарайсыңдар балақайлар кәне маған жақындаңдар. Кім маған тақпақ айтады

сол  менен сыйлық алады.

Тақпақтар:

Төртінші бала: Өлеңде әзір, әнде әзір

Ойында әзір, бәрі әзір

Кел,Жаңа-жыл, біздерге

Кел,Жаңа-жыл,Жаңа-жыл!

Бесінші бала:  Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

Алтыншы бала: Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Жетінші бала:  : Бар баланың қонағы

Төрлет ата, жоғары

Енді дала, алақай

Ақ күміске толады

Жұрттың бәрі атадай

Қашан жомарт болады

Ақшақар: Аяз- ата саған аңдар өз өнерлерін көрсеткісі келеді.

Би: «Аңдар биі.»

Ақшақар: Аяз- ата, біздер саған арнап ән дайындадық, тыңдағыңыз келедіме? Олай болса

балалар шеңберге тұрайық. Аяз- ата бізбен бірге қосылыңыз.

Ән: «Аяз-ата»

Аяз- ата: Мені келемештеп тұрғой мыналар,қазір мен барлықтарыңды үсіремін.

Ойын: «Үсіремін»

Аяз- ата: Жарайсыңдар, балалар.Ал енді маған қайту керек.

Ақшақар:Балаларға сыйлықтарың қайда?

Аяз- ата: Ой менің тесік басым, қайда қойғанымды білмеймін. Мүмкін шыршаның

астында шығар,мүмкін үстінде шығар.

Ақшақар: Мүмкін бізге Сыйқыршы көмектесер. (Әуенмен сыйқыршы  құмырасымен

кіреді.)

Сыйқыршы: Не қалайсыңдар!

Ақшақар: Біздің балалар Жаңа- жылға сыйлықтарын күтіп отыр. Ал, Аяз- ата қайда

қойғанын ұмытып қалған.

Сыйқыршы: Ой, ол ең оңай тапсырма.Қазір сыбызғымда ойнайын құмырамнан сұрайын.

(Құмырадан түрлі заттар шашылады.)

Осыма, сендердің сыйлықтарың?

Ақшақар: Жо-жоқ мынау сыйлық емес қой. Балалар Жаңа- жылға түрлі тәттілер күтеді.

(Сыйқыршы сыбызғысымен қайтадан ойнады.Құмыраның ішінен кәмпиттің

қағаздары шашылады.)

Жоқ.Аяз- атаның сыйлығы әсемделген қорапшада болады.

Сыйқыршы: А-а-а.Қазір онда, күте тұрыңдар!Құмырадан Аяз- атаның сыйлықтарын

шығарады.

Аяз- ата,балаларға сыйлықтарын таратады.