Менің альбомым

Тақырыбы: Менің альбомым

Мақсаты:      1.Тік төртбұрышты қағазды қос бүктеу және желімдеп альбом жасауға үйрету.

2.Ой-өрісін,қиялын,қол икемдерін ,қағазбен жұмыс істеу дағдыларын  дамыту.Оны әшекейлеуде көркемдік талғамын дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Альбомның суреті не өзі.

Керекті құрал:әр балаға бірнеше ақ парақтар,түрлі-түсті қағаздар,жіңішке лента,әліппе-дәптер.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгін біз  «Менің альбомым» тақырыбында альбом жасап үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Әліппе- дәптердегі үлгіні көрсетіп,жасалу ретін түсіндіру,бағыт беру.

-Балаларға алдындағы парақ қағаздарынн алып,біреуін дәл ортасынан бүктеп көрсетеді;

-балалар қайталайды,қалған бірнеше парақты алып біріктіре ұстап,оларды ортасынан бүктейді (әр парақты жеке бүктеуге де болады);

-Түсті қағаз алып ,кітаптың сыртқы бетін де қос бүктеп жасап оның ішіне парақтарын кигізе орналастырады;

-Тескішпен  тесіп,оған жіңішке лентаны өткізіп байлап қояды;

-Альбомның сыртын балалар қалауы бойынша көрсетілген үлгілерге сәйкес әшекейлейді;

-Сергіту сәті:     Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау

-Балалар альбом жасау үшін қандай құрал-жабдықтар керек?

-Ленианы не істейміз?

-Түрлі-түсті қағазды  қай жеріне пайдаландық?

 

VII Бекіту

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен,жапсыру жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

 

VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.