Жаңа жылдық бас киімдер
Тақырыбы: Жаңа жылдық бас киімдер
Мақсаты: 1. Балаларды қағазбен жұмыс істеуге,пішілген үлгі бойынша бөліктерді қиып,жапсыра білуге үйрету.
2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Қол икемдерін,ой-өрісін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:Түрлі-түсті қағаздар,желім,қарындаш,қайшы,әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-«Карнавал костюмдері не үшін қажет?»
-Олар қандай болады?
-Суретін салып көрсет.(сайқымазақ,хан,сиқыршы т.б.).
-Бүгін сол қағазбен жаңа жылдық бас киімдер жасаймыз.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
-Әр түрлі жаңа жыл мерекесіне киетін бас киімдердің қалай жасалғанын қарап,көру;
-Әр баланың қандай бет перде жасағысы келетінін сұрау,тыңдауға ерік беру;
-Олардың жасалу жолдарын түсіндіру,үлгілермен жұмыс жасау.(Трафарет,шаблондар).
Жаңа жылдық бас киімдідерді кез-келген түрін таңдап алғаннан соң,жұқа картон қағаз бетіне оның үлгісін сызып алады.
Сызықты айналдыра қиып,көз,мұрын,ауыз, сияқты қажетті детальдарды жапсырады.
Одан соң басқа киюге ыңғайланған 2 жолақ қағазды қиып,онымен басты айналдыра өлшейді де,оларды бір-біріне желімдейді.
2 қысқарақты жолақтарды қиып ,бір-біріне айқастыра отырып,төрт жағынан шеңберге бекітеді.Бас киім дайын.Осы бас киімге дайындалған бетперде бекітіледі.Қоянның,үйректің басы,бейнелері желімделеді.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
VII БекітуЖұмыс аяқталған соң,балалар өздері жасаған карнавал бас киімдерін киеді.Ойын: «Кім екенін тап?»
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.