Жасанды заттармен жұмыс

Тақырыбы: Жасанды заттармен жұмыс

Мақсаты:      1.Жасанды заттармен жұмыс істеуге үйрету.

2.Нақты жағдайларға сәйкес құрастыру іскерліктерін дамыту.Қол икемдерін,ой-өрісін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал: Әр балаға шар керек,жіптер,желім,қайшы, түрлі-түсті қағаз немесе мата.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Жұмбақ: Күндіз ұйықтайды

Түнде ұшады                    (Жапалақ)

Балалар бүгін жасанды заттардан құстардың бірі  жапалақ жасауды үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Құстар үнін  үнтаспадан тыңдату.Жапалақтың дыбысын үлгісі бойынша талдау жасалады.Қандай материалдар қажет екенін алдынала таңдалып алынады.

1.Алдымен барлық бала шарды алып үрлейді.,аузы жіппен байланады.

2.Шардың сыртына жіпті желімге батырып алып орайды.Шар толық жабылғанша орап желім кепкен соң шарды жарып тастайды.

3.Кепкен жіп жапалақтың денесі болады.Жіптің түсі қоңыр болған ыңғайлы.

4.Қалған дене бөліктерін түрлі-түсті қағаздан немесе матадан үлгіге қарай отырып қиып алып желімдейді көздері тұмсығы,қанаты аяқтары тағы басқа.Дайын болған жапалақты ағаш бұтақтарына қондырып оның ерекшелігі жайында әңгімелеу.

Сергіту сәті:

Қанат жаям жалма-жан

Талпынғандай ұшуға

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

VI Пысықтау

-Жапалақ қайда жүреді?

-Ол қай уақытта ұшады?

-Қандай уақытта ұйықтайды?

VII Бекіту

Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен жапалақты жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VIII Бағалау  Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.