Көп қабатты үйлер
Тақырыбы: Көп қабатты үйлер
Мақсаты: 1.Балаларды құрылыс жасайтын материалдарды таңдауға,бөлшектерін,қажеттілігін,кеңістікте орналасу қалпын білуге үйрету.
2.Әр түрлі құрылыс материалдарынан көп қабатты үйлерді құрастыруға,іс- әрекетке қызығушылығын арттыру.
3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
Қаланың,ауылдың ең көрікті жерлерін еске түсіру.Ел-ордасы Астана жайында әңгімелеу.Астана жайында шығарма оқу.
Көп қабатты үй құрастыратындарын ескерту.
-Техникалық қауіпсіздікті ұмытпаймыз.
V Жаңа сабақ
Құрылысшылар үй салып жатқан суретке қарап әңгіме құрау.
-Құрылысшылар не істеп жатыр?
-Үй салып жатыр
-Қай жыл мезгілінде олар үй салып жатыр?
-Міне олар көп қабатты үйді салып болыпты.Неше қабатты үй қане санайықшы?
-Есігін,терезесін санау
-Ал осы көп қабатты үйдің қажеті не?
Біздің еліміз ұлан-ғайыр,көп ұлтты.Міне ,осындай көп қабатты үйлеріміз адамдар тұру үшін салынған.Бір көп қабатты үйде шамамен 50-60 жанұя тұрады.Ұлттары да әр-түрлі.Олар бір-бірімен бір үйдің адамдары сияқты тату тұрады.Бір-біріне амандасады,көмектеседі.
-Балалар осы зәулім үйлерді кімдер салады?
Құрылысшылар
-Ал кез-келген адамдар үй сала бере ме?Жоқ,осындай зәулім үйлерді мамандар ғана сала алады.Оларды арнайы оқытады,құрылысты салу жолдарын үйретеді.
Сергіту сәті: Қолда темір қалағым
Саздан сарай саламын
Алматыдан аумайтын
Әсем қала саламын
Көп қабатты үйлерді құрастыру үшін бір-бірімен келісіп,міндеттерін бөліседі.
-Қай жерге құрылыс салу керектігі белгіленеді.
-Қандай құрылыс материалдары қолданылатынын таңдайды.
-Неше қабатты етіп тұрғызу,неше подъезді болатыны ойластырылады.
-Үйдің іргетасынбастап,қабырғалары,терезелері,есіктері және кіреберіс,алаңдар.т.б жасауды балалар кезектесіп орындайды.
VI Пысықтау
Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып. көрсеткен үлгімен үй жасау жұмысы орындалады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Балалар үй не үшін керек?
-Үйдің қандай түрлері болады?
-Үйді жасағанда қандай құрылыс заттарын пайдаландыңдар?
VIII Бағалау
Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау