Алтын сөз. Н. Айтов

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз. Н. Айтов.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды өлеңінің мазмұнымен таныстыра отырып, батаның түрлері, оның қай кезде айтылатыны жөніндегі түсініктерін кеңейту. Халқымыз батаны құдіретті сөз санағанын мысалдар келтіре отырып түсіндіру.

  1. Сөздік қорларын байыту, бала қиялының шарықтауына мүмкіндік беру. Үйренген сөз тіркестерін өз тілінде қолдана білуге басшылық жасау.
  2. Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекіліктері: Тірек сызбалар, Н. Айтовтың портреті.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ.

Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (1950 ж.т., ҚХР, Шынжаң өлкесі Шәуешек ауданы, Теректі-Қақпатас елді мекені) — ақын. ҚазҰУ-ды бітір­ген. 1955 ж. атамекенге оралған. «Үнжар», «Шұбартау», «Семей», «Атом» туралы өлеңдері бар. Қазақстан Жазушылар одағының, М. Мақатаев жөне Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты.

Оқулықпен жұмыс.

а) Өлеңді шумақпен оқу.

ә) Өлеңдегі бата сөздерді теріп оқу.

Сұрақ-жауап әдісі.

-Өлең неге «Алтын сөз» деп аталған?

-Бата дегеніміз не? Оны қай кезде және кім береді?

Дәптермен жұмыс.

Сызба сызып, батаның қай кезде берілетіні жазылады.

Шілдехана, тұсау кесу, мектепке бару, әскерге бару, қыз ұзату, жол жүру, Наурыз мерекесі, ас қайыру т. б.

Бата түрін ажырату.

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

 

Құтты болсын қадамың,

Өмірге аяқ баса бер,

Асулардан аса бер.

Тай-құлын боп шаба ғой,

Озып бәйге ала ғой.     Әумин.

 

Оң болсын осы сапарың,

Туған елдің тапсырған,

Парызын өте Отанның.   Әумин.

 

«Ой қозғау» ойыны. Шарты: көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып шығару керек. Міндеті: сөзге қатысты мақал-мәтелдерді табу арқылы оқушының тіл байлығын жетілдіру.

Жауабы: 1. Көп сөйлеген сөз арзан.

  1. Сөз – ойдың айнасы.
  2. Жақсының сөзі өлмейді.

Мағыналарын түсіндіру.

Бекіту. Мақал-мәтелдер айту. «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас». «Алтын алма, бата ал, бата алтын емес пе?» «Бата алғанның бағы бар».

Қорытынды.

Ел сүйетін бала бол,

Ер жеткенде дана бол.

Туып өскен еліңнің,

Жел жағына пана бол!

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Бата жаттап келу.

Бағалау.