Мен тұратын көше
Тақырыбы: Мен тұратын көше
Мақсаты: 1.Құрылыс материалдарынан құрылыстар салуға үйрету.Жақсы сапаға жетуге талпындыру.
2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Балаларды шығармашылыққа,еңбекқорлыққа,бастаған ісін аяқтауға,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал:құрылыс материалдары,әліппе-дәптер
Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Өздері тұратын көшелері жайлы әңгімелесу.
-Мына көше қалай аталады?
-Кімнің құрметіне бұлай аталған?
-Бұл көшедегі әдемі үйлерді кім салады екен?
V Жаңа сабақ
Жұмбақ:Ұзын-ұзын,ұзын жіп
Ұшына шыққан жан бар ма?
Ақырын басқан жан бар ма,
Ұшына шықпас жалғанда (Жол)
Жұмбақ мағынасы түсіндіріледі.
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды (Ағаш)
Көшеде тағы не кездеседі?
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Оқылған тақпақтардың мағынасын ашу.
Біздің көшенің орны мынау деп көрсету.Ал мынау –құрылыс материалдары.Сендердің міндеттерің осы көшеге әр түрлі құрылыстар тұрғызасыңдар.(Көп қабатты үйлер,ғимараттар).
Біздің көшенің сәнді болуы,сендердің тиянақты еңбектеріңе байланысты.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,көшені құрастырады,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.
VII Бекіту
-Бүгінгі сабақта не жасадық?Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.
VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау