Матамен таныстыру

Тақырыбы: Матамен таныстыру

Мақсаты:      1.Мата түрлерімен таныстырып,олардың түр-түсін,сапасын ажырата білуге үйрету.Еңбек құралдарын (тігін машина,қайшы,жіп)маңызын түсіндіру.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке,еңбек қауіпсіздік ережесін ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті құрал: Еңбек құралдары  тігін машина,қайшы,жіп.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгін біз сендермен мата түрлерімен танысамыз

V Жаңа сабақ

Сән журналындағы  суреттерді қарап әңгімелеу.Адамдар жыл мезгіліне қарай қалың,жұқа киімдер киетінін түсігндіру.Соған сәйкес киімді де әр түрлі мата түрлерімен  тігеді.

Киім тігетін адам тігінші мамандығын оқып бітіріп сол салада  яғни тігінші болып жұмыс жасайды.Тігіншінің суретін көрсету.

Сонымен орай мата түрлерімен таныстыру.Жібек,мақта матасы,қалың мата,шыт,сәтен,марлі т.б. мата түрленрінің сапасы туралы айтып салыстыру.Үлгілерді пайдаланып,қуыршақтарына көйлек тігуге болатынын айтып,матаны үлгіге салып қиып көрсетеді. «Құрақ құрау» ойынын ойнауды ұсынады.Әр түрлі пішінді (үшбұрыш,төртбұрыш) қиып құрақ құрайды.Шеберханадағы құралдармен жұмыс істеу ережелерімен танысады.

Сергіту сәті: Қуыр-қуыр қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әй-әй балақай

Жамандықтан қаш

 

 

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,құрақ құру  әдісіне кіріседі ,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт