Сүлгіні кестелеу

Тақырыбы: Сүлгіні кестелеу

Мақсаты:      1. Балаларға кестені үйрету.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін,қиялын дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке,еңбек қауіпсіздік ережесін ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті құрал: Еңбек құралдары

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгін кесте тігіп үйренеміз.Яғни сүлгіні кестелейміз.

 

V Жаңа сабақ

Әдемі кестеленген сүлгілерді көрсетіп әңгімелеу.Үлгіге талдау жасайды.

Кесте тігу үшін инемен жұмыс істеу әдіс-тәсілдері түсіндіріледі.Екі түрлі кесте жіпті пайдаланып,сүлгінің екі шетіне кесте тігеді.Балалар шағын топтарға бөлінеді.

-Сүлгінің екі шеті қарындашпен сызылады.

-Қызыл түсті жіпті инеге сабақтау,жіптің ұшын тию ескертіледі.

-инені үлгіге қарап алға қарай жылжыта отырып,жіпті үзбей суыру жолдары көрсетіледі.

-балалар өздері сүлгінің шетін тігіп көреді.

-сүлгінің екінші шетін тігу ұсынылады.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен, сүлгіні кестелеп тігеді,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

 

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

 

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт