Ойыншықтар Б.Нүсіпбаев
Тақырыбы: Ойыншықтар Б.Нүсіпбаев
Мақсаты: 1.Музыкалық шығармадағы жоғары,төмен үні,кейіпкерлер бейнесін ажырата білуге,көңілді би элементтерін билей білуге баулу.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ойыншықтарды күтіп ұстауға,жолдастары,інілерімен бірге ойнауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Доп ,сағат,қуыршақ т.б.ойыншықтар
Әдіс-тәсілі: әңгіме,ән айту
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалардың қандай ойыншықтары бар,қандай ойыншықтармен ойнағанды ұнататындарын сұрап, әңгімелеу.Сол ойыншықтар туралы өтетінімізді айту.
V Жаңа сабақ
Жұмбақ;
Ұшып-қонып тынбайды «Тик-так», «Тик-так»,
Қанша соқсаң сынбайды «Тұр-тұр», «Жат-жат»-
Суға салсаң батпайды. Деп әмір береді
Түскен жерде жатпайды. (Доп) Шаршамай келеді
Ән: « Ойыншықтар»
Біздерде бар қуыршақ
Бұзау,қозы,құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Әмір беріп бұйырсақ
Ал қозы мен құлыншақ
Ұйықта десең ұқпайды
Тыңдамайды ұрысса
Осыларың дұрыс па?
VI Бекіту
Еркін тақырыпта түрлі әндер орындатқызу.
Әнді әуенімен әдемі дұрыс орындауға дағдыландыру.
VII Қорыту
— Музыка дыбысталуы нешеге бөлінеді?
-Екіге
-Қандай болып бөлінеді.
-Жоғары,төмен
-Қане бәріміз жоғары дауыста дыбыстап көрейікші
-Енді төмен дыбыспен дыбыстап көрейік.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.