Бесік жыры

Тақырыбы: Бесік жыры

Мақсаты:      1.Балаларға бесік жырын үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ананың ақ сүтін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   әліппе- дәптер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Бесікке бөлеу рәсімімен таныстыру сюжетті рольдік ойын арқылы бекіту,әжелерді қатыстыру.

-Бесік жиһаздарына не жатады?

-Бесікті не үшін аластайды?

-Айна мен тарақ не үшін?

-Қамшының қажеті не?

-Тағы басқа заттардың қажеттілігін түсіндіру.

V Жаңа сабақ

Балаланы бөлемей тұрып қолына шырақ ұстаған әжеге аластатып алады.

Алас,алас,баладан алас,

Үй иесі келді,пәледен алас.

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас

Қырық қабырғасынан алас.

Отыз омыртқасынан алас,

Бісміллә,келді,міне,иесі,

Көш пәлесі!-деп бесікті аластайды.

«Бесікке салу»

Аталарың ақырса қорықпа,

Апаларың ақырса қоықпа,

Ойнақтаған ботадан қорықпа,

Тулаған тайдан қорықпа,

Бесігіңде бұлқынып,ұйқылы бол.

Алас,алас,аласы,

Келді, міне, баласы

Жайлы ұйықтап,дем алсын,

Ұйқысы қанып оянсын!-деп бесікке салады.

Бесікті тербете отырып:

-Мойнымдағы маржаным,

Орта толған мал-жаным,

Бесігіңде жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой,-деп әндетеді.

VII Қорыту       Балаларды әнді айтқызу.

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау