Күз сыйлығы
Тақырыбы: Күз сыйлығы
Мақсаты: 1.Таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сәйкес биде,ойында өзіндік қимылдарын ойлап табуға талпындыру.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын.таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге,табиғатты тамашалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі табиғат көрінісі,жеміс,көкөністер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Осы жыл мезгілін неге «Жомарт күз»-деп атайды?
-Күз сыйлығын кімдер өсіріп баптайды?
V Жаңа сабақ
Апорт
Апорт деген алма бар,
Алматы-оның Отаны.
Ондай алма қайда бар?
Жерді жарған атағы. Е.Елубаев
-Басқа тағы қандай алма түрлерін,күз сыйлығын білесіңдер?
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау
Ән:«Жемістер»-әні Қ.Қуатбаевтікі
«Апорт деген тәтті алма»-әні Д.Ботбаевтікі
VII Қорыту
Ойын: «Кім тез жинайды»
Шарты: Себетке жемістерді тез жинау.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау