Мамандығым мақтанышым

Тақырыбы: Мамандығым мақтанышым

Мақсаты:      1.Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Мамандыққа байланысты суреттер,әліппе- дәптер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалардан ата-аналары кім болып жұмыс істейтіндерін сұрау.(Дәрігер,мұғалім,жүргізуші,егінші т.б.)

Бұларды  мамандық деп атайтынын айту.

Бүгін яғни сол мамандық және олардың қызметі жайлы танысамыз.

 

V Жаңа сабақ

Әр мамандықтың қызметі:

Ұстаздар балаларға білім береді.

Дәрігер адамдарды емдейді

Сақшылар күзетеді

Наубайханашылар нан,тәтті тоқаш пісіреді

Жүргізуші көліктерді жүргізеді

Ұшқыш ұшақты жүргізеді.

Тігінші киім тігеді.

Шахтёр көмір қазады.

Монтёр электр қуатын жөндейді.

Сауыншы сиыр сауады

Малшы мал бағады.

Егінші егін егеді.

 

Сергіту сәті: Әкем менің қауыншы

Анам менің сауыншы

Ағам менің егінші

Жеңгем менің тігінші

 

VII Қорыту

-Қандай мамандықтарды білесің?

-Олар қандай қызмет атқарады?

 

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау