Күз жомарт
Тақырыбы: Күз жомарт
Мақсаты: 1.Таныс шығармаларды кіріспесінен,үзіндісінен тануға,ән мазмұнына сәйкес биде,ойында өзіндік қимылдарын ойлап табуға талпындыру.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау музыка дыбыс жоғарлығын.таныс әндерді танып,ажырату қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, адамгершілікке ,өнерді бағалай білуге,табиғатты тамашалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күзгі табиғат көрінісі,жеміс,көкөністер.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық
Сабақтың түрі:Бекіту сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Осы жыл мезгілін неге «Жомарт күз»-деп атайды?
-Өткен сабақтарда бақылаған күн құбылыстарды салыстырып
VI Бекіту
Өткен сабақтағы тақпақтарды еске түсіріп,қайталау.
Апорт
Апорт деген алма бар,
Алматы-оның Отаны.
Ондай алма қайда бар?
Жерді жарған атағы. Е.Елубаев
-Басқа тағы қандай алма түрлерін,күз сыйлығын білесіңдер?
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау
-Ауа-райындағы қандай өзгерістерді байқай аласыңдар?Күзге байланысты қандай әндерді білесіңдер?Әннің мазмыны не туралы?Жаңбыр қай кезде көп жауады?
Ән: «Жаңбыр»-әні Т. Базарбаевтікі
VII Қорыту
Ойын: «Кім тез жинайды»
Шарты: Себетке жемістерді тез жинау.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау