Төлдер

Тақырыбы:  Төлдер

Мақсаты:      1 Балаларға төлдер әнін үйрету.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке,ананың ақ сүтін бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Төлдердің суреті

Әдіс-тәсілі: әңгіме,ән айту

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

  1. Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою

Балалар қойдың төлін,сиырдың,жылқының,ешкінің,түйенің төлін қалай атайды?

-Бүгін Төлдер әнін үйренеміз.

V Жаңа сабақ

Төлдер Сөзі:Ж.Өмірбеков

Әні:Б.Ғазитов

1.Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың

2.Секең-секең, ей, лақ

Жүрмін саған келіп-ақ

Тынып тапсаң болмай ма?

Секірмей-ақ,кей уақ

3.Томпаң-томпаң торай

Дауысының зоры-ай

Дөкей бола қаласың

Толысымен он ай.

4.Ботақаны нардың

Жарға неге бардың ?

Тілерсегің дірілдеп

Секіре алмай қалдың

VI Бекіту

-Төлдер әнінің сөзімен таныстырып әуенін үйрету.

-Әнімен қосып айтқызу.

VII Қорыту

-Қандай әнді үйрендік?

-Әнде не туралы айтылған?

-Қайсы ненің төлі?

-Малды қалай күту керек?

-Бізге мал не үшін керек?

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.