Абай біздің бабамыз

Тақырыбы: Абай біздің бабамыз

Мақсаты:1. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевты және оның шығармашылығымен таныстыру.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Абайдың портреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар бүгін біз ұлы бабамыз Абай Құнанбаевпен оның өлеңдерімен танысамыз.

V Жаңа сабақ:

Балалар Абай Құнанбаев ақын,аудармашы.Орыстың  ұлы ақыны А.С. Пушкиннің тағы басқа ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған.Абай бай отбасынан шыққан.Әкесі Құнанбай қажылыққа барған кісі.Әжесі Зере мен анасы Ұлжан ақылшысы болған.

Балаларға арнап жазған өлеңдерінің бірі:

Әсемпаз болма әр неге

Өнерпаз болсаң әрқалан

Сенде бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

 

Сергіту сәті.

Аппақ көйлек киемін,

Қос етегі бүрмелі,

Кестеленген жиегі

Кең даланың гүлдері

 

VI Пысықтау

Абай ұлы ақын филосов

 

VII Бекіту

-Абай кім?

-Әкесінің аты кім?

-Туған жері қай жер?

 

VIII Бағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау