Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би.

Тақырыбы: Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би.

Мақсаты:1.Қазақтың билері туралы түсінік беру.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Үш бидің портреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар біз бүгін қазақтың үш биімен танысамыз.

V Жаңа сабақ

Үш би

Ойдың қозғап жасынан

Қайта туған ғасырым

Төле би мен Қазыбек

Әйтеке би асылым

Айбын болған еліме

Айдын болған көліме,

Айналайын үш биім

Пана болған жеріме

Елдің туын ұстаған

Ел намысын ұштаған

Қалың қазақ пір  тұтқан

Қасиетті үш бабам Н.Оразалин.

Төле би ақылды,әділ адам болған.Әрқашан әділ шешім қабылдап,дауды дұрыс шешіп отырған.

Қаз дауысты Қазыбек тапқыр,батыл,шешен атанған.Бітіспес жылдарға созылып келген дауды әділ шешіп отырған.

Әйтеке би шешендігіне қоса,ел басқарған.

Елді басқаруға белсене қатысып жүрген.

Төле би:Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі…

 

Сергіту сәті: Қара жорға әнінің 1-ші шумағына билеу.

 

VI Пысықтау

Қазақтың үш биін ата.

 

VI IБекіту

Мақал-мәтел: Шешен сөз,бастар

Батыр қол бастар.-деген мақалды қалай түсінесің?

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау