Алдар көсе мен шық бермес шығайбай

Тақырыбы: Алдар көсе мен шық бермес шығайбай

Мақсаты:1.Ертегіні оқып беріп мазмұнын сұрау

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Мазмұнды сурет

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар бүгін біз Алдар Көсе мен Шықбермес Шығайбай ертегісін оқимыз,сендер түсінгендеріңді маған айтып бересіңдер.

V Жаңа сабақ:

Бұрынғы өткен заманда Шықбермес Шығайбай деген өте сараң бай болыпты.

Бір күні әйелі табаға нан пісіріпті Үйіне сол кезде Алдар Көсе келіп қалыпты.Қызғаншақ бай күлшені қойынына сала салыпты.Бұны байқап қалған Алдар Көсе:Байеке халіңіз жақсы ма,мал-жан аман ба?Балашағаңыз аман ба?- деп құшақтай беріпті.Ыстық күлшеден кеудесі күйіп,шыдамай кеткен бай.Іздегенін осы мә ал деп ыстық күлшені Алдар Көсеге ұстата салыпты.

 

Сергіту сәті.Алдар Көсе әнін айтып билеу.

 

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

-Шықбермес Шығайбай қандай адам ?

-Байдың үйіне кім келеді?

 

VII Бекіту

Балалар сараңдық өте жаман  қасиет

Әрқашанда қолыңда бар затпен бөлісу  кішіпейілдіктің,ақкөңілдіктің белгісі.Осындай болсаңдар жаман болмайсыңдар.

 

VIII Бағалау   Жақсы қатысқан баланы мадақтау