Сәлем берем үлкенге
Тақырыбы:Сәлем берем үлкенге
Мақсаты:1.Балаларға үлкен кісілер мен достарымен әрқашан амандасып,жылы қабақ танытуды үйрету.
2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.
3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.
IVМақсат қою
-Балалар мен не басқа мұғалім сыныпқа кірсе не істейсіңдер?
-Амандасамыз?
-Дұрыс ақылды,әдепті балалар үнемі амандасып жүреді.Ендеше біз «Сәлем берем үлкенге» деген тақырыпта әңгіме айтамыз.
V Жаңа сабақ
Сәлем- арабтың «тыныштық», «бейбітшілік»,мағынасындағы «Ассалам» сөзінен шыққан.
Әдеп,адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан сәттегі үнсіздікті жою.өзінің аман –есен дидарласып тұрғанына қуану,ниеттерінің ақ,адал, таза екенін білдіру.
Мұсылман халқында амандасу «Ассалаумағалейкум »деген сөзден басталады.Ол « сізге алланың нұры жаусын»-деген сөз.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға,қолын ұсынып, бірінші сәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам»-деп қолын беріп жауап қайтарады.Ол «Сізге де алланың нұры жаусын»-деген екен.
Сергіту сәті:Ерте тұрам
Күнде мен
Терезені ашамын
Сәлем деймін күнге мен
Шаттық әнге басамын.
VI Пысықтау
-Сәлем арабтың қандай сөздерінен шыққан?
-Мұсылман халқы қалай амандасады?
-«Ассалаумағалейкум»-дегеннің мағынасын қалай түсінесің?
-«Уағалейкумассалам»-деген сөзді ше?
VIIБекіту
Балаларды (ата,әже,достар) рольге бөліп амандасу әдебін ойнау.
VIII Бағалау Жақсы қатысқан баланы мадақтау