Соғым басы

Тақырыбы:Соғым басы

Мақсаты:      1. Соғым басы дегеннің не екені туралы түсіндіру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

 

IV Мақсат қою

-Балалар қыс келгенде ,ұзын сары келгенде мал сояды,ол қалай аталады?

-Оны соғым деп атайды,Бүгін «Соғым басы »деген тақырып өтеміз.

V Жаңа сабақ

Қысқа,көктемге сойылған мал « соғым» -деп аталады. Соғымға ірі қара сойылады.Ірі қараға сиыр,жылқы немесе түйе жатады.

Малды бауыздамас бұрын жүрегінде иманы бар,үлкен  кісіге бата бергізеді.

Мыс: Сенде жазық жоқ

Бізде азық жоқ

Биссіміләхи  рахмани рахим… .-деп бата береді.

Соғымды сойған адамға қол үзік береді яғни ет береді.Туған-туыс,көрші қоланды шақырып ет асып, тамақ береді.Оны «Соғым басы»-деп атайды.Соғым басына келген адамдар соғым шүйгін болсын дейді.

 

VIБекіту

-Соғым жылдың қай мезгілдерінде сойылады?

-Малды сойған адамға не беріледі?

-Соғым басына келген қонақтар,үй иесіне қандай тілек айтады?

 

VII Қорыту

-Сонымен қандай тақырып өттік?

-Соғым басы деген не?

 

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау