Атаның айтар батасы

Тақырыбы: Атаның айтар батасы

Мақсаты:      1. Бата туралы түсіндіру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.

3.Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:  Мазмұнды суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

 

IV Мақсат қою

-Балалар үлкен кісіге көмектессең рахметін айтып бата береді.

-Бүгін сол аталардың батасы туралы айтамыз.

V Жаңа сабақ

Ата ақылы

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

Бата: Уа,құдайым оңдасын!

Жаманшылық болмасын

Аруақ біткен жар болып,

Ару ана қолдасын

Баса көктеп жайлауға

Бөтен көштер қонбасын

Орта толып ырысқа

Бейбіт өмір орнасын

Бостандықтың ордасын

Періштелер қорғасын

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

 

VIЖаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Батаны кім және қай кезде береді?

—  «Жақсы сөз,жарым ырыс»-дегенді қалай түсінесің?

VII Қорыту

-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.

VIII Бағалау            Сабаққа жақсы,белсенді  қатысқан баланы мадақтау