Жеті қазынаның бірі

Тақырыбы: Жеті қазынаның бірі

Мақсаты:      1. Балаларға жеті қазына туралы түсінік беру.

2.Ой-өрісін,дүниетанымын есте сақтау қабілетін,тіл байлығын  дамыту.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа,әдепке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ер адамның,әйел адамның,кітап,ат,мылтық,бүркіт,таз иттің суреті.

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Балалар бүгін біз «Жеті қазына» не екенін әңгімелейміз.

V Жаңа сабақ

Балалар жеті қазынаға мыналар жатады:

1.Ер жігіт

2.Әйел

3.Ақыл,білім

4.Жүйрік ат

5.Берен мылтық

6.Қыран бүркіт

7.Жүйрік таз

Суреттерді көрсету арқылы жеті қазынаның мағнасын түсіндіріп өту.

1.Ер жігіт –елімізді,жерімізді қорғайтын ер азамат.

2.Әйел-ол анамыз,біздің ақылшымыз

3.Ақыл,білім-екеуі бірге жүрсе бізді жау да,дау да ала алмайды.

4.Жүйрік ат-адамды барам деген жеріне жеткізеді.

5.Берен мылтық-қару,аң аулайсың

6.Қыран бүркіт-аңшы.

7.Жүйрік таз-күзетшің,көмекшің,досың.

Сергіту сәті: Жоғары қарап

Көк аспанды көрдім

Төмен қарап

Жерді көрдім

Оңға,солға қарап

Егеменді ел көрдім

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Жеті қазынаны ата.

-Ақыл-білім адамға не үшін керек?

VII Бекіту

Жеті қазына мүшелерін жеке-жеке әңгімелеу.

 

VIII Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.