Бауырсақ
Тақырыбы: Бауырсақ
Мақсаты: 1. Қазақтың ұлттық тағамының бірі бауырсақ туралы түсіндіру.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,практикалық
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар суретте не көріп тұрсыңдар?
-Бүгін бауырсақ туралы әңгімелесіп,соған байланысты қандай ертегі білетіңдеріңді еске түсіреміз.
V Жаңа сабақ
— «Ас атасы нан»-деп бекер айтпаған.Ең қасиетті тағам ол нан.Нан неден пісіріледі?
-Яғни ұннан жасалған,пісірілген дәмнің бәрін нан деп айтамыз.
-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?
Бөлке нан,бауырсақ,шелпек,тоқаш,торт,пешене,тәтті нандар.Соның ішінде бауырсақ қазақтың ұлттық тағамдарының біріне жатады.Себебі қазақ тойшыл халық.Қазақ халқының дастарханы бауырсақсыз жасалмаған.Ең бірінші қасиетті нан бауырсақ пісіріліп,дастарханға бірінші ұсынылған.Қазақта нанға байланысты ырымдар бар.Бір үйге кірсең «Астар үлкен ешкім жоқ деп»-дәм татқызады.Асығып тұрған адам болса нанды ауызтигізбей үйден шығармаған.Нанды жерге тастауға болмайды.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
VIЖаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Нан туралы қандай тақпақ білуші едіңдер?
-Бауырсақ неден,қалай пісіреді?
VII Қорыту
-Бауырсақ туралы қандай ертегі білуші едік?
-Рольдерге бөліп ойнату.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау