Қуыршақтар
Тақырыбы: Қуыршақтар
Мақсаты: 1.Ойыншықтарды күтіп ұстауға үйрету.
2.Ой-өрісін,дүниетанымын дамыту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тазалыққа, тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ойыншықтар
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар сендер немен ойнағанды жақсы көресіңдер?
-Ойыншықпен
-Ендеше бүгін біз жақсы көретін ойыншықтармен,қуыршақтармен ойнаймыз.
V Жаңа сабақ
Өлең: Біздерде бар қуыршақ
Бұзау қозы құлыншақ
Ойыншықтар тыңдайды
Ақыл айтып бұйырсақ
-Бұл өлеңде қандай ойыншықтар туралы айтылған?
-Сенің қандай ойыншықтарың бар?
Ойын : «Ойыншықты тап»
Шарты : Сендер ойыншықтарды тауып атын атап,түсін,үлкен кішілігін ажыратасыңдар.Сол ойыншыққа өздерің жақсы мейірімді тілек тілейсіңдер.
Мақсаты:Ойыншықтарды атау,және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Мысалы: 2 баланы ортаға шығарып
Алға үш қадам
Солға бұрыл,
Екі қадам артқа
Не таптың?
Кезегімен балаларды жіберіп әр түрлі ойыншықтарды алып,оны сипаттап беру.
Түсі: сары,Пішін: үлкен
VI Пысықтау
1.Ойыншықтың қандай түрлерін білесіңдер?
2.Ойыншықтар қандай материалдан жасалады?
VII Бекіту
Уәде: Мен ойыншықты сындырмай,кірлетпей,күтіп ұстаймын.Досымда,бауырымда жоқ болса бөлісіп бірігіп ойнаймын.
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау