Наурыз-тойы,елдің-тойы

Тақырыбы: Наурыз-тойы,елдің-тойы

Мақсаты:      1.Наурыз шығыс күнтізбесіндегі жыл басы екендігін түсіндіру..

2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.

  1. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер

Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

 

IV Мақсат қою

-Балалар жылдың қай мезгілі келді?

-Көктемнің бірінші айын ата.

-Жыл мезгілін жақсы қарсы алып,бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.

 

V Жаңа сабақ

«Наурыз баталары» өлеңін оқып беру

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Наурыз күні не пісіріледі?

-Наурыз көжеге қандай дән салынады?

Наурыз- жыл басы,Ұлыстың ұлы күні.Адамдар  бір-біріне табыс,бақытты өмір тілейді.Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады.21-22-сі күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді.

Наурыз айының сегізінші жұлдызында ең қымбат,асыл жан аналарымыздың мерекесі.Оны-халықаралық әйелдер мерекесі деп атайды.

 

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,солға қарады

Үлкен тау деп ойлады

 

«Наурыз» әнін орындату.

 

VI Бекіту

-Наурыз мерекесі туралы кім қандай тақпақ біледі?

-Аналарымызға арналған ше?

 

VII Қорыту

-Балалар қандай тақырып өттік?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Батаны  кім береді?

-Бата білетіңдерің бар ма?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы