Тапқырлық туралы әңгіме құрастыру

Тақырыбы: Тапқырлық туралы әңгіме құрастыру

Мақсаты:1.Балаларға Тапқыр әңгімесін,оқи отырып Еркебайдың тапқырлығын айту

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Әже мен бала суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

Балалар біз тапқырлық туралы әңгіме айтамыз

 

V Жаңа сабақ

«Тапқыр»

-Әже,әже,дүкенге барасың ба?

-Жарайды жүре ғой,Еркебай

Әжесі дүкеннен әртүрлі азық-түлік алып,сөмкесін толтырып алады.Шығарда бір бөлкені алып еді,онысы сөмкесіне сыймаған соң қолтығына қыстырып алады.

Жарты жолдан асқан соң Еркебай:

-Әже,әже,шаршадым.Мені көтеріп алыңызшы,-деп қыңқылдайды.

Мен мына сөмкені әзер көтеріп келемін,қолтығымда тағы наным бар,сені қалай көтеремін?

-Әже мен сізге көмектесемін.Сіз мені көтеріп аласыз.Бөлке нанды мен көтеріп алайын.Әжесі алдымен күледі,содан кейін басын шайқайды.

 

Сергіту сәті: Қара жорға әнінің 1-ші шумағына билеу.

 

VI Пысықтау

-Еркебай мен әжесі қайда барады?

-Дүкеннен қайтып келе жатқанда қандай әңгіме болады?

-Еркебай қандай бала?

 

VIIБекіту

Мақал-мәтел: Шешен сөз,бастар

Батыр қол бастар.-деген мақалды қалай түсінесің?

 

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау