Ана өмірдің гүлі
Ана өмірдің гүлі
Мақсаты: Оқушылар бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға, адамгершілік сезімін ұялтуға, әсемдікті сүюге, тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: аналар жайлы нақыл сөздер, тақырыптық қабырға газеттері
Кіріспе
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен патша көңіл көрермендер. Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Ана — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік ертеңгілік аналарға арналады.
1-оқушы:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар қасиетті аналар.
2-оқушы
Қош келіпсіздер қонақтар
Ақ жаулықты аналар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар
3-оқушы
Ана – көркі көгімнің
Ана – нұры жерімнің
Ана – бағы баланың
Мақтанышы елімнің
4-оқушы
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Құрметті қонақтар сіздердің алдарыңызда «қазақ биі»
5-оқушы
Әлпештеген баласын
Ана – бақыт, ана – күн
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
6-оқушы
Ерлік еңбек атқарған
Еңбегімен мақталған
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам
7-оқушы
Бізді өсіріп баптаған
Жақсы болсақ шаттанған
Алтыным деп мақтаған
Айналайын ақ мамам
8- оқушы
Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегінді ақтайтын
Аман болшы анашым
Би «Балапан» биі
9-оқушы
Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
10-оқушы
Бойға қуат береді
Әй жарайсың дегені
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді
11-оқушылар
Достықты біз ойлаймыз.
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
Киім үлгісі.
Ал. Енді сіздердің тамашалайтыңдарыңыз жаңа үлгіде жасалған киім үлгісі. «Гүлдер» тобы қарсы алыңыздар.
Хор: «Бөбектер әні»
Мұғалім: Құрметті қонақтар, біздің «Ана — өмірдің гүлі» атты салтанатты жиынымыз аяқталды. Сіздерге көптен – көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын.
Енді сөз кезегін ата – аналарға, ұстаздарға берелік.