Жыл басына таласқан хайуанаттар

Тақырыбы: Жыл басына таласқан хайуанаттар

Мақсаты:1.Балаларға ертегіні оқып беріп,оны мұқият тыңдап,мазмұнын айтып беруге үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,тіл байлығын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түліктің,ит,әтеш,тышқанның суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар біз « Жыл басына таласқан хайуанаттар»-ертегісін өтеміз.

V Жаңа сабақ

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтыпты:

-Мен алысты жақын қыламын.Күшімді болса көреді,сүтімді болса ішеді,қылымнан арқан жіп еседі.Адамға менен пайдалы мал жоқ,жыл басы мен броламын.

Сонда түйе оған:

-Сен адамның жұмысын қылсаң,мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,неше айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп арпа,сұлы сұрамаймын.Көде болса,көде,жусан болса жусан жеп жүре беремін.Жыл басы болуға мен лайық –дейді.

Сйыр тұрып:

-Адам егін ексе,жер жыртса,мен керекпін.Олар сүт ішеді,құрт майымды жейді.Жыл басы болу маған лайық,-дейді.

Сонда ит:

-Мен болмасам,сендердің бәріңді не ұрылар ұрлап,не қасқыр жеп тауысар еді.Мен сендердің басшыларыңды көзден  таса қылмай бағып жүрген бақташымын,дұшпан көрсем,үріп,абалап,иеме хабар беремін,-дейді мақтанып

Әтеш те қарап тұрмай:

-Жыл басы болуға мен лайықтымын.Мен болмасам адам ұйықтап қалар еді.Мен таңертең тұрып,таң атты деп хабар беремін.Кеш болса,жатар мезгіл болды деп ескертемін,-дейді.

Тышқан бір қулық ойлап,жиналған көпке былай дейді.

-Бұл таластан ешнәрсе өнбес.Жылды қарап тұралық,кім бұрын көрсе,сол жыл басы болсын.

Тышқан түйенің басына шығып,содан күннің шығуын бірінші көріпті.

-Алақай мен көрдім,мен көрдім!- деп айқай салады.Басқалары ұйықтап күннің шығуын көре алмайды.Сөтіп тышқан жыл басы болыпты.

Сергіту сәті:      Ал,балалар тұрайық

Алақанды  ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып,бір тұрып

Бір тынығып алайық

 

VI Жаңа сабақты түсінгенін сұрау

-Кімдер жыл басы болуға таласады?

-Тышқан қандай қулық ойлап табады?

-Сонымен жыл басы кім болады?

 

VII Бекіту

Мақал: Әлін білмеген әлек

 

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау