Рольдерге бөліп ойнау

Тақырыбы: Рольдерге бөліп ойнау

Мақсаты:1.Балаларға ертегіні рольдерге бөліп ойнауға  үйрету.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,тіл байлығын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Төрт түліктің,ит,әтеш,тышқанның суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:Бекіту

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

Балалар біз « Жыл басына таласқан хайуанаттар»-ертегісін рольдерге бөліп ойнаймыз.

VII Бекіту

Жыл басына таласқан хайуанаттар

Автор:-Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жыл басы болуға таласыпты.

Жылқы айтыпты:

Дәулет

Жазира-Мен алысты жақын қыламын.Күшімді болса көреді,сүтімді болса ішеді,қылымнан арқан жіп еседі.Адамға менен пайдалы мал жоқ,жыл басы мен боламын.

Автор-Сонда түйе оған:

Ислам

Анель-Сен адамның жұмысын қылсаң,мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп,неше айшылық алыс жерлерге барамын.Аш болдым деп арпа,сұлы сұрамаймын.Көде болса,көде,жусан болса жусан жеп жүре беремін.Жыл басы болуға мен лайық –дейді.

Автор -Сйыр тұрып:

Алтынай

Самат-Адам егін ексе,жер жыртса,мен керекпін.Олар сүт ішеді,құрт майымды жейді.Жыл басы болу маған лайық,-дейді.

Руслан

Айдана -Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді?Жүнімнен киіз басады,жабағымнан киім тігеді,арқан,жіп еседі.Сүтімнен құрт,май алады,шаруаға менен пайдалыларың жоқ-деп қой шығыпты

Автор -Сонда ит:

Ах.Ислам

Ерсұлтан -Мен болмасам,сендердің бәріңді не ұрылар ұрлап,не қасқыр жеп тауысар еді.Мен сендердің басшыларыңды көзден  таса қылмай бағып жүрген бақташымын,дұшпан көрсем,үріп,абалап,иеме хабар беремін,-дейді мақтанып

Автор -Әтеш те қарап тұрмай:

Арай

Аяулым-Жыл басы болуға мен лайықтымын.Мен болмасам адам ұйықтап қалар еді.Мен таңертең тұрып,таң атты деп хабар беремін.Кеш болса,жатар мезгіл болды деп ескертемін,-дейді.

Автор -Тышқан бір қулық ойлап,жиналған көпке былай дейді.

Марлен

Ғалия

Сабира-Бұл таластан ешнәрсе өнбес.Жылды қарап тұралық,кім бұрын көрсе,сол жыл басы болсын.

Автор -Тышқан түйенің басына шығып,содан күннің шығуын бірінші көріпті.

-Алақай мен көрдім,мен көрдім!- деп айқай салады. Автор-Басқалары ұйықтап күннің шығуын көре алмайды.Сөтіп тышқан жыл басы болыпты.

 

VIII Бағалау  Жақсы қатысқан баланы мадақтау