Рөлдерге бөліп ойнау
Тақырыбы: Рөлдерге бөліп ойнау
Мақсаты:1.Балаларға ертегіні рөлдерге бөліп ойнаға үйрету.
2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Балалар суреті
Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.
IVМақсат қою
«Байлық,бақыт,ақыл»-ертегісін рөлдерге бөліп ойнаймыз.
V Жаңа сабақ
«Байлық,бақыт,ақыл»
Байлық,бақыт,ақыл үшеуі дауласыпты.
Байлық-Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай,ішіп- жегені май,ақшасы көп болады.-депті.Сонда Бақыт былай депті-Мен бақпын кімнің басына барып қонсам соның бағы жанады «ақ дегені-алғыс,қара дегені -қарғыс»-болады депті.Сонда Ақыл тұрып-адамның ақылы болмаса байлыққа да,баққа да ие болмайды.Адамға ең бірінші ақыл керек.Сенбесеңдер данышпанға жүгінейік.Данышпан:-Өмірдің өзі сабақ: «Байлық-бір жұттық», «Бақыт-баянсыз», «Ақыл бар жерде ғана бақыт та,байлық та,бірлік те,тірлік те,ынтымақ та түгел»-депті.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Қарап еді артына
Естіп қалып сыбдырды Қиығын салып көзінің
Ойлы-қырлы жерлермен Келе жатқан томпаңдап
Ытқып-ытқып секірді Көхегі екен өзінің
VI Пысықтау
Балаларды рөлдерге бөліп ойнату.
VIIБекіту
-Бүгін қандай ертегімен таныстық?
-Байлық деген немене?
-Бақыт деген немене?
-Ақыл деген немене?
VIIIБағалау
Жақсы қатысқан баланы мадақтау