Сахналау

Тақырыбы: Сахналау

Мақсаты:1.Балаларға бауырсақ ертегісін айтып,рөлдерге бөліп ойнату.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын,ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,білімді болуға,әдептілікке,тапқырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлердің  суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

IVМақсат қою

-Балалар   бауырсақ ертегісін білеміз ғой?

-Ендеше ондағы кейіпкерлерді келтіріп,рөлдерге бөліп ойнаймыз.

V Жаңа сабақ

Бауырсақ ертегісінің мазмұнын айтып беру.

Рөлдерге бөліп ойнату.

Ата:-Кемпірім менің қарным аш,бауырсақ пісірші.-дейді.

Кемпір:-Пісірсем пісіріп берейін-деп терезенің алдына суытып қояды.Сөйтіп бауырсақ терезеден секіріп қашып кетеді.

Бауырсақ:-Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым-деп өлең айтып келе жатқанда алдынан қоян шығады.

Қоян:-Менің қарыным ашып тұр еді, сені жеймін!

Бауырсақ:-Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін.

Қоян:-Ал айтшы.

Бауырсақ:— Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым

Енді сенен қаштым-деп қояннан да қашып кетеді.

Алдынан қасқыр шығады:-Мен сені жеймін!

Қоян: -Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым

Мен қояннан қаштым.

Енді сенен қаштым-деп қасқырдан да қашып кетеді.

Қашып келе жатқанда алдынан аю шығады:-О,қоян мен сені жеймін!

Қоян: -Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым

Мен қояннан қаштым.

Мен қасқырдан қаштым

Енді сенен қаштым-деп аюданда да қашып кетеді.

 

               Қапшып келе жатқанда алдынан қу түлкішығады:-О,бауырсақ менсені жеймін!

Қоян: -Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым

Мен қояннан қаштым.

Мен қасқырдан қаштым

Мен аюдан қаштым

Енді сенен қаштым-деп қаша берейін дегенде.

Түлкі:-Тұра тұршы менің құлағым естімейді,өлеңінді менің мұрынымның үстіне шығып айтшы.

Қоян: -Жемеші-жемеші мен саған өлең айтып беремін

Мен апамнан қаштым

Мен атамнан қаштым

Мен қояннан қаштым.

Мен қасқырдан қаштым

Мен аюдан қаштым

Енді сенен қаштым-деп қаша берейін дегенде,түлкі ап етіп бауырсақты жеп қояды.

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

-Бауырсақ ертегісінде кімдер ойнайды?

-Бауырсақ кімдерден қашып кетеді?

-Кімнің алдауына түсіп,желініп қалады?

VIIБекіту-Бауырсақты неден,қалай  пісіреді?

-Нан туралы қандай тыйым сөздер,тақпақтар білесіңдер?

-Түлкі қандай болады.

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау