Еңбек туралы мақалдар

Тақырыбы: Еңбек туралы мақалдар

Мақсаты:1.Балаларға еңбек туралы мақалдарды үйретіп,мағынасын түсіндіру.

2.Балалардың сана-сезімін,ақыл ойын дамыту.

3.Балаларды имандылыққа,әдептілікке,тапқырлыққа ,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Балалар суреті

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,әңгіме

Сабақ түрі:жаңа сабақ

 

Сабақ барысы:   I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,назарын сабаққа аудару.

 

IVМақсат қою

Бүгін сабақта еңбек туралы мақалдарды үйренеміз.

 

V Жаңа сабақ

Жалқаудың ертеңі бітпес.                          Еңбекпенен тапқаның,

Шекер,балдан татқаның.

Адал еңбектің абыройы жоғары.                  Жан қиналмай жұмыс бітпес,

Еңбек етсең емерсің.

Еңбек сүйген еш уақытта кеш болмас.    Еңбек етте мақтан,

Ойнап күлде шаттан.

Еңбек еткен мұратқа жеткізеді.             Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Еңбекке бейім болсаң,

Қатарыңнан кем болмайсың.

Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян                  Қарап еді артына

Естіп қалып сыбдырды               Қиығын салып көзінің

Ойлы-қырлы жерлермен            Келе жатқан томпаңдап

Ытқып-ытқып секірді               Көхегі екен өзінің

VI Пысықтау

Өлең : «Өнерлі балалар»

Қанат,Марат екеуі             Самат,Сағат екеуі,

Қамшы өре алады.             Төгіліп күй шертеді.

Тақат,Талап екеуі,              Бабақ,Барақ екеуі,

Тамаша ән салады.             Біледі көп ертегі.

 

Абақ,Манат екеуі,               Балаларды өнерлі,

Тай үйретіп жүреді.             Есептеп сен көр енді?

Жанат,Манат екеуі,

Киім-кешек тігеді.

VIIБекіту-Бүгін қандай тақырып өттік?

VIIIБағалау

Жақсы қатысқан баланы мадақтау